Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / Бауыржан Байбек Nur Otan партиясындағы қызметтен к...

Бауыржан Байбек Nur Otan партиясындағы қызметтен кетті

Саясат 02.02.2022, 11:04 1,972
Бауыржан Байбек Nur Otan партиясындағы қызметтен кетті
Сурет: Smi24.kz

Бұл қызметтен ол өз еркімен кеткенін мәлімдеді.


Nur Otan партиясы Төрағасының бірінші орынбасары болған Бауыржан Байбек өз еркімен қызметтен кетті. Бұл туралы Бауыржан Байбек Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Бауыржан Қыдырғалиұлы партияның алдында жаңа міндеттердің тұрғанын, осы күнге дейін ауқымды жұмыс атқарылғанын айтты. "Ал міндеттерді жүзеге асыру үшін партияда қажеттінің бәрі – адамдар, тәжірибе, ресурстар және инфрақұрылым бар", - деді ол.



«Съезде ел Президенті, Nur Otan»партиясының жаңадан сайланған Төрағасы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев партияны реформалау, жұмыстың әдістері мен мазмұнын жаңарту, партиялық бақылауды күшейту, қоғамдық қабылдаулардың тиімділігін арттыру, кадрлық әлеуетті нығайту, сондай-ақ жаңа формациядағы адамдарды тарту жөнінде нақты міндеттер қойды», - деп жазды ол Facebook парақшасында.



Осылайша Бауыржан Байбек партия басшылығы қызметінен өз еркімен кету туралы өтінішін жазғанын, Төраға оны мақұлдағанын айтты.



«Nur Otan алдына жаңа көзқарастар мен тәсілдерді талап ететін мүлде жаңа міндеттер қойылды. Сондықтан мен партия Төрағасы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа атқарып отырған қызметімнен босату туралы тиісті өтінішімді бердім. Бүгін менің өтінішім қанағаттандырылды. Мен мемлекеттік және партиялық қызметте 20 жылдан астам еңбек еттім: екі рет, жалпы алғанда 6 жылға жуық Nur Otan партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары, 3 жылға жуық Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары лауазымдарында, 4 жыл Алматы қаласының әкімі болып жұмыс істедім. Қандай қызмет атқарсам да, қай салаға жауапты болсам да, мен әрқашан Отанымыздың Тәуелсіздігін нығайтуға, қоғамда ішкі саяси тұрақтылық пен келісімді қамтамасыз етуге, ел азаматтарының әл-ауқатын арттыруға өзімнің үлесімді қосуға тырыстым. Өз жұмысымда ашықтық және жауапкершілік қағидаларын басшылыққа алдым. Ар-намыс, сөзге беріктік және іске адалдық деген ұғымдар мен үшін әрқашан бірінші орында болды», - деп жазды Бауыржан Байбек. 



Айта кетсек, бұдан бұрын Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бауыржан Байбекке Nur Otan партиясы Төрағасының бірінші орынбасары лауазымындағы көп жылғы жұмысы үшін алғыс айтты, деп хабарлаған болатын.


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#партия #Қазақстан #қызмет
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда AI Engineering бағдарламасының жаңа легі басталады: оқушылар жасанды интеллект пен жобалар жасайды

Бүгін 19:41

Алматыда жасыл желектерді ауқымды дәрілеу жұмыстары басталды

Бүгін 19:38

Махаббат пен парыз арасындағы тартыс: Алматыда «Шідер» детектив-драмасының премьерасы өтеді

Бүгін 18:38

Алматыда Жетісу көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Бүгін 18:17

Алматыда World Schools Team Championship 2026 Азия кезеңі басталды

Бүгін 17:23
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика