Freedom
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Баум тоғайында тек апатты ағаштар кесіледі

Баум тоғайында тек апатты ағаштар кесіледі

Әлеумет 27.12.2023, 08:26 1,390
Баум тоғайында тек апатты ағаштар кесіледі
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Баум тоғайының экологиялық жағдайын бағалау бойынша зерттеу жұмыстарына қатысқан Қазақ ұлттық аграрлық университетінің профессоры Бұлқайыр Мәмбетов тоғайда өсетін апатты ағаштарға санитарлық кесу қажет екені туралы айтып берді. 




«Екпелерді рекогносцирлі орман-патологиялық зерттеу нәтижесінде барлық жерде дерлік ағаштар мен бұталардың жапырақ жейтін зиянкестермен зақымдалғаны анықталды. Бұл зиянкестер жаппай көбейген кезде онсыз да әлсіреген тоғай екпелеріне елеулі зиян келтіруі әбден мүмкін», - деді Бұлқайыр Мәмбетов.



Ол ағымдағы жылы бейінді ғылыми-зерттеу институттарының қызметкерлерін тарта отырып, апатты әрі кепкен, қураған, ауруға шалдыққан ағаштарды жоспарлы іріктеп, санитарлық кесу жұмыстары басталғанын атап өтті. Сонымен қатар, сәндік тұрғыдан құнды қатты ағаш түрлері (липа, каштан, катальпа, ақ акация, емен) трансплантацияланады. Сау ағаштар үшін Баум тоғайындағы жұмыс жоспарлары бойынша күтім жұмыстары қарастырылған-топырақ пен өсімдіктердің жер үсті бөлігіне күтім жасау (азықтандыру, суару, қопсыту және т.б.). 


Баум тоғайындағы ағаштардың орташа жасы-100-140 жас. Тоғай аумағында ағаш және бұта өсімдіктерінің бірнеше түрлері өседі, олардың басым бөлігі ұсақ жапырақты қарағаш (Ulmus parvifolia), бүдірлі қарағаш (Ulmus glabra), жапырақты үйеңкі (Aseg platanoides), үйеңкі (Aseg negundo), жапырақты емен (Quercus robur), аласа қайың (Betula pendula), ақ акация (Robinia pseudoacacia), терек (Populus).

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #баум #тоғай #ағаштар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық балуандар 12 алтын медаль алды

Бүгін 18:30

2027 жылы қазақстандық оқушылар жаңа тест тапсырады

Бүгін 17:50

Қазақстанда «Мейірімділік апталығы» басталды

Бүгін 17:23

«Жаңа ғасыр» театрына Асанәлі Әшімұлының есімі беріліп, «Үздік логотип» байқауы жарияланды

Бүгін 16:45

Алматы әкімдігінде тұрғын үйлердің қасбетін жаңарту бағдарламасы егжей-тегжейі таныстырылды

Бүгін 16:09
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика