Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы құшағында / Батыс Тянь-Шань ЮНЕСКО қорғауында: Қазақстанда сир...

Батыс Тянь-Шань ЮНЕСКО қорғауында: Қазақстанда сирек түрлер сақталған

Алматы құшағында Бүгін 10:34 40
Батыс Тянь-Шань ЮНЕСКО қорғауында: Қазақстанда сирек түрлер сақталған

 
Қазақстандағы Батыс Тянь-Шань аумағында орналасқан Ақсу-Жабағылы қорығы биыл өзінің 100 жылдық мерейтойын атап өтеді – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Алматы қаласындағы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында «Зоология институтының» бас директоры Роман Ященко бұл Орталық Еуразиядағы ең көне қорықтың ЮНЕСКО «Адам мен биосфера» бағдарламасы мен Бүкіләлемдік мұра тізімі аясында танылған табиғи аумақтардың қатарына кіретінін атап өтті. Оның айтуынша, қорықтың мерейтойы Батыс Тянь-Шаньның жаһандық экологиялық маңызын және оның бірегей биоалуантүрлілігін сақтау қажеттігін тағы дәлелдеп отыр.

Спикердің айтуынша, ЮНЕСКО-ның «Адам мен биосфера» бағдарламасы аясында Ақсу-Жабағылы мен Қаратау биосфералық резерваты жұмыс істейді. 2015 жылы бекітілген біріншісі 357 мың гектардан астам жерді алып жатыр. Бұл аумақ негізгі, буферлік және өтпелі аймақты біріктіріп, Батыс Тянь-Шань табиғи кешенін 75%-ға дейін сақтауда маңызды рөл атқарады.
«Ақсу-Жабағылы — бірегей табиғи зертхана. Мұнда шөл аймағынан басқа Батыс Тянь-Шаньның барлық дерлік ландшафты бар. Бұл резерват бүкіл өңірдің құрылымын бейнелейді», — дейді Ященко.

Резерватта өңірдегі омыртқалы жануарлардың шамамен 79%-ы тіршілік етеді, сондай-ақ сирек және эндемик түрлерді қоса алғанда омыртқасыздардың да қаншама түрі бар. Мұнда Қар барысы, Мензбир суыры мен Қаратау арқары да тіршілік етеді. Бұл түрлер халықаралық және ұлттық қорғау тізіміне енгізілген. Сонымен қатар, Орталық Еуразиядағы алғашқы қорық саналатын 1926 жылы құрылған Ақсу-Жабағылы қорығы биыл 100 жылдық мерйтойын атап өткелі отыр.

2016 жылы ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра бағдарламасы аясында Батыс Тянь-Шань Қазақстан, Қырғызстан мен Өзбекстан аумағын біріктіретін трансшекаралық нысан ретінде тізімге енгізілді. Қазақстандағы бөлігі Қаратау қорығы, Ақсу-Жабағылы қорығы мен Сайрам-Өгем ұлттық паркі аумағын қамтиды, олар бірге біртұтас табиғи жүйені құрайды.

Бұл өңір күрделі жер бедерімен және айқын биіктік белдеумен ерекшеленеді, соның арқасында алуан түрлі экожүйе қалыптасқан. Мұнда шамамен 2000-ға жуық өсімдік түрі бар, олардың 9%-ға дейіні эндемик. Жануарлар дүниесіне 42 сүтқоректі түрі, 238 құс түрі, сондай-ақ көптеген омыртқасыздар мен әлемдік маңызы бар сирек палеонтологиялық олжалар кіреді.

«Батыс Тянь-Шань мәдени өсімдіктер шыққан шығу орталықтың бірі. Мұнда алма, өрік, жүзім, жаңғақ пен басқа да ауыл шаруашылығы дақылының жабайы арғы тектері өседі. Бұл генетикалық қор азық-түлік қауіпсіздігі мен ғылым үшін аса маңызды», — дейді Роман Ященко.

Сарапшылардың айтуынша, орман биоалуантүрлілігінің жоғары шоғырлануының арқасында өңір Жер шарының маңызды экорегиондары тізіміне енгізілген. Оның аумағында қылқанжапырақты және жалпақжапырақты ормандардың бірегей үйлесімі сақталған, сондай-ақ қар барысы мен Мензбир суыры сияқты сирек жануарлар да кездеседі.

Қазіргі таңда Қазақстанда ЮНЕСКО Бүкіләлемдік мұра тізіміне енгізілген үш табиғи нысан бар: Сарыарқа — Солтүстік Қазақстанның далалары мен көлдері, Батыс Тянь-Шань және Тұранның қоңыржай белдеудегі шөлдері. Олардың барлығы да айрықша әмбебап құндылығы бар нысандар ретінде танылып, халықаралық қорғауға алынған.
Спикердің айтуынша, бұл аумақты одан әрі сақтау үшін жүйелі жұмыс істеп, ғылыми зерттеу жүргізіп, адам мен табиғаттың тепе-теңдігін сақтау керек.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ақсу-Жабағылы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда әл-Фараби мұрасы мен цифрлық ортаның дінге ықпалын баяндайтын жаңа зерттеуді таныстырды

Бүгін 11:47

ҚазҰУ зерттеуі: күйзеліс пен тәуелділікке кім жиі ұшырайды

Бүгін 11:45

Алматыда әлеуметтік қақтығыстың басты себебін атады - әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің зерттеуі

Бүгін 11:41

Алматыда білім алуға бірдей мүмкіндік беруді талқылады

Бүгін 11:37

Қарулы күштердің әскери қызметшілері көлік ішінде құлыпталып қалған баланы құтқарып алды

Бүгін 11:27
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика