Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / "Батыс" полиорталығы: Алматының 2040 жылға дейінгі...

"Батыс" полиорталығы: Алматының 2040 жылға дейінгі дамуының жаңа бағыты

Барлығы 26.12.2025, 17:02 392
"Батыс" полиорталығы: Алматының 2040 жылға дейінгі дамуының жаңа бағыты
Cурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматыда 2040 жылға дейінгі қаланың Бас жоспарын түзету бойынша қоғамдық тыңдаулар аясында «Батыс» полиорталығын дамыту тұжырымдамасы таныстырылды, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz.

Талқылаудың үшінші күні «Алматыбасжоспар» ғылыми-зерттеу институтының директоры Асхат Сәдуов «Алматы-3» жаңа теміржол вокзалы орналасқан аудан мен Боралдай кентіндегі көлік-логистика торабын заманауи қала кластеріне қалай айналдыру жоспарланып отырғанын айтып берді. Мұнда экологиялық өндірістер, жұмыс орындары, жасыл аймақтар мен дамыған әлеуметтік инфрақұрылым қарастырылған.

Асхат Сәдуовтың айтуынша, «Батыс» полиорталығы Алматының өсуіндегі негізгі нүктелердің бірі болып, заманауи өндіріс, логистика және қоғамдық кеңістіктерді дамытуға бағытталады. Бұл аймақта 1-Алматы индустриялық аймағын, фармацевтикалық өндірістерді орналастыру, сондай-ақ «Сақ қорғандары» маңында рекреациялық парк салу жоспарланған.

«Біз негізгі қалалық функцияларды жасыл қаңқа мен өзгерістер ауқымын ескере отырып, барынша тиімді қайта бөлуді көздедік. «Батыс» полиорталығы қаланың басқа бөліктерімен жылдам рельсті көлік арқылы байланысады», – деді Асхат Сәдуов.

Жобаның негізгі мақсаттарының бірі – экологиялық өндірісті дамыту және зиянды кәсіпорындарды кезең-кезеңімен тұрғын аймақтардан тыс аумаққа көшіру. Бұл аймақта өмір сүруге және жұмыс істеуге қажетті толыққанды инфрақұрылым қалыптастыру көзделген. Полиорталықта ЛРТ депосы, сызықты рекреациялық саябақ пен көпсалалы аурухана кешені пайда болады.

«Бұл жерде инженерлік те, әлеуметтік те жағынан сапалы нақты инфрақұрылым болғанын қалаймыз. Бұл жарықтандырылған, қауіпсіз әрі әлеуметтік белсенді кеңістіктер, олар тұрғындардың қажеттіліктеріне қызмет етуге тиіс», – деді ол.

«Жоба аясында ашық қоғамдық кеңістіктер мен маңызды нысандарға бағытталған көріністі сақтау мәселесіне басымдық берілген.

«Біз үшін қаланың түрлі нүктелерінен көрнекі нысандар мен қалалық ортаның бұрыннан орныққан элементтері айқын көрініп тұруы аса маңызды. Саябақ полиорталықтың жүрегіне айналады – бұл қоршаусыз, тәулік бойы, аптаның 7 күні қолжетімді ашық қоғамдық кеңістік. Біз көрініс дәліздерін, мысалы, мешіт сияқты қолданыстағы инфрақұрылым нысандарына арнайы бағыттадық. Мұндай элементтерді қалыптасқан ортаға сауатты түрде енгізу маңызды», — деді Асхат Сәдуов.

Жалпы, «Батыс» полиорталығының тұжырымдамасы қалалық ортаны қалыптастыруда ландшафттың басымдығына негізделген.

«Қаланы сәулеттен емес, ландшафттан бастап қалыптастыру өте маңызды. Жоғары ландшафтық эстетикасы бар саябақ орталық элемент ретінде және сапалы қоғамдық кеңістіктер құрылыстың негізіне айналуға тиіс», — деді Асхат Сәдуов.

Алматының 2040 жылға дейінгі Бас жоспарына түзетулер енгізу бойынша қоғамдық тыңдаулар жалғасуда. Қала тұрғындарының ұсыныстары құжатты әрі қарай пысықтау кезінде ескеріледі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #бас жоспар #түзету #Батыс полиорталығы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан Азия чемпионатында велотректен екінші алтын медаль алды

Кеше 17:21

Алматыда салынып жатқан әкімшілік ғимараттың шатыры өртенді

Кеше 16:00

Қазақстанның бірқатар өңірінде көшкін қаупі әлі де жоғары

Кеше 15:08

Қызылордада 121 адамды алдаған интернет-алаяқ сотталды

Кеше 14:10

Испанияда эвтаназия құқығына қол жеткізген 25 жастағы қыз көз жұмды

Кеше 12:30
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика