AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Батырхан Төлеуғалидың қарсыластары анықталды

Батырхан Төлеуғалидың қарсыластары анықталды

Спорт 14.03.2024, 14:17 1,097 Almaty-akshamy.kz. 
Батырхан Төлеуғалидың қарсыластары анықталды
Сурет: Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы

15-16 наурыз аралығында Қытайдың Тайань қаласында таеквондодан Париж Олимпиадасына жолдама тарататын Азия аймақтық іріктеу турнирі болады, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz.


Құрлық додасында 33 елден келген 96 спортшы қатысады. Турнирге Қазақстаннан жастар арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдегері (2022), Спартакиада жеңімпазы, 17 жастағы Батырхан Төлеуғали (80 кг), Самирхон Абабакиров (58 кг) қатысады. Самирхон 20 жаста. Ол – Олимпиада рейтингінде 39-орында тұр. Сонымен бірге VІ жазғы Спартакиадасының жеңімпазы, Олимпиада рейтингінде 44-орында келе жатқан 19 жастағы Мария Севостьянова (57 кг) мен Азия ойындарының екі дүркін жүлдегері, Олимпиада рейтингінде 14-орын  тұрған 33 жастағы Жансель Дениз (+67 келі) күш сынасады.


Тайаньдағы турнирде әр салмақта финалға шыққан спортшыларға лицензия беріледі. 


Алғашқы жарыс күні ерлер 68 кг, 80 кг, ал әйелдер 49 кг, 67 кг дейінгі салмақта жолдамаға таласады. Ұлттық құрама сапынан ертең тек Батырхан Төлеуғали даянгқа шығады. Ол жеребе тарту кезінде В тобына түсті. Батырхан бірінші айналымда Акшай Худамен (Үндістан) күш сынасады. Жеңіске жетсе, жартылай финалда оған Индонезия немесе Сауд Арабиясының таеквондошысы қарсылас болады.


Барлығы 80 кг дейінгі салмақта 9 спортшы бар. Бүгін олар ресми салмақ өлшеуден өтті.



Дайындығым жоспарға сай өтті. Турнирге дайынмын. Иә, бұл жарыстың орны бөлек екені айтпаса да түсінікті. Олимпиялық ойындарда бақ сынау кез келген спортшының арманы. Ертең барымды саламын. Үндістандық спортшымен алғаш рет жолығайын деп тұрмын, – деді Батырхан Төлеуғали Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне берген сұхбатында.



Қытайдағы жарыс кезінде Париж Олимпиадасының жолдамасына әр салмақта финалға шыққан екі спортшы ие болады.


Қазақстан 2004 жылдан бері Олимпиадаға таеквондодан тұрақты түрде спортшы апарып келеді. Осы уақытқа дейін еліміз Олимпиадада бір жүлде алды. Бейжің Олимпиадасында Арман Шылманов қола медальді иеленді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Батырхан Төлеуғали #таэквондо #спорт
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы балаларға арналған бірегей оталардың алаңына айналды

Бүгін 19:24

Қасым-Жомарт Тоқаевқа KEDEN, SmartCargo ақпараттық жүйелері мен көлік-логистика саласындағы цифрлық жобалар көрсетілді

Бүгін 18:26

Мемлекет басшысы GITEX AI Central Asia & Caucasus көрмесіне барды

Бүгін 18:20

Мемлекет басшысына Defense Tech қорғаныс пен қауіпсіздік саласындағы инновацияларды қолдау орталығы көрсетілді

Бүгін 18:16

Мемлекет басшысы Presight AI басқарма төрағасы Томас Прамотедхамды қабылдады

Бүгін 18:13
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);