AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төр...

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғарин Президентке есеп берді

Саясат 18.04.2022, 15:33 2,188
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғарин Президентке есеп берді
Сурет: Akorda.kz

Президентке экономиканың маңызды салаларын монополиядан арылту жөнінде ұсыныстар берілді




Мемлекет басшысына Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғарин есеп берді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ақорда сайтына сілтеме жасап.


Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстан экономикасын монополиядан арылту жөніндегі реформалар аясында Агенттікке берілген тапсырмалардың орындалуы туралы баяндалды.


С.Жұманғариннің айтуынша, прокуратура органдары мен Агенттік сұйытылған мұнай газын көтерме саудада сататындардың қызметіне жүргізілген тексеру нәтижелері бойынша 5,5 миллиард теңге қаржыға қатысты заң бұзушылықтарды анықтаған. Автомобиль газын бөлшек саудаға шығаратын 193 сатушы мекемеге салынған айыппұл көлемі 103 миллион теңгені құрады.  Агенттіктің ұсынысы бойынша Энергетика министрлігінің сұйытылған мұнай газын, бағаның 10 пайыздық шегін 3 пайызға дейін түсіруді қоса алғанда, электронды сауда алаңдары арқылы ұйымдастыру және сату тәртібіне өзгерістер енгізілді. 



Қазіргі уақытта «Eurotransit Nur Zholy», «Қазфосфат», «Қазақмыс» Корпорациясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктеріне және «Каскор-Транссервис» акционерлік қоғамына қатысты тергеу амалдары жүргізілуде. «ҚТЖ» ҰК», «Қазақтелеком», «Аймақ» ҚТА», «Транстелеком» сияқты  акционерлік қоғамдарда, сондай-ақ азық-түлік тауарларын сататын сауда орындарын жалға беру қызметтеріне қатысты сауда нарықтарында монополияға қарсы заңнаманың бұзылу белгілерін анықтау үшін талдау жүргізілуде.


Президенттің монополиялық топтарға кешенді талдау жүргізу жөніндегі тапсырмаларын орындау үшін Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы мұнай және мұнай өнімдері, табиғи газ, электр энергиясы нарықтарын, теміржол көлігі, азаматтық авиация қызметтері, қоғамдық көлік, телекоммуникациялар, қаржы нарықтарын монополиядан арылту жөнінде ұсыныс берді. С.Жұманғарин негізгі тауар нарықтарын монополиядан арылтуға және бизнес үшін қолайлы бәсекелестік орта қалыптастыруға бағытталған Бәсекелестікті дамытудың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасының жобасын әзірлеу барысы жөнінде де баяндады.


Мемлекет басшысы Қазақстанның болашағы үшін бәсекелестікті дамытудың маңызы зор екенін атап өтіп,  экономиканың маңызды салаларын монополиядан арылту жөніндегі жүйелі шараларды іске асыру жұмыстарын жалғастыруды және олардың сапалы орындалуына бақылауды қамтамасыз етуді тапсырды.



Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ақорда #қабылдау #есеп
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан құрамасы көркем гимнастикадан Азия чемпионатында күміс медаль жеңіп алды

Кеше 17:41

“Қайраттың” бұрынғы капитаны Сергей Рожков өмірден өтті

Кеше 16:19

Астанада қалалық ауруханада жұмыс істеген медбикеден туберкулез анықталды

Кеше 15:10

Ер адам саксофон тартқан балаға оқ атқан

Кеше 15:02

Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 300 шақырым жерде жер сілкінісі болды

Кеше 14:38
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);