Freedom
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / Бас прокуратура қаңтар оқиғасы бойынша рақымшылыққ...

Бас прокуратура қаңтар оқиғасы бойынша рақымшылыққа ілігетіндердің тізімін жасап жатыр

Оқиға 02.09.2022, 05:49 1,683
Бас прокуратура қаңтар оқиғасы бойынша рақымшылыққа ілігетіндердің тізімін жасап жатыр
Сурет: Мasa.media

Мыңнан астам іс тергеліп, мыңға тарта адам сотталған.


Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев қаңтар оқиғасы бойынша Президент жариялаған бір реттік рақымшылыққа кімдер ілікпейтінін айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



«Әзірге нақты санын айта алмаймын. Өйткені қазір пысықтап жатырмыз. Президент тапсырма берді, енді қарастыру керек. Экстремистік қылмыс жасағандар, қаңтар оқиғасын ұйымдастырғандар рақымшылыққа ілікпейді», - деді Шындалиев Мәжіліс кулуарында.



Айтуынша, мыңнан астам іс тергеліп, мыңға тарта адам сотталған.



«Осы статистиканы назарға алу керек. Әзірге қанша адамға амнистия жарияланатынын айтуға дайын емеспін. Экстремистердің жалпы саны есімде жоқ, өйткені іс өте көп», - деді бас прокурордың орынбасары.



Ол рақымшылыққа ілігетін адамдардың саны кейін хабарланатынын жеткізді.



«Біз тергеу кезінде де ізгілік таныттық. Естеріңізде болса, Президент қаңтар оқиғасынан кейін жеңіл қылмысқа барғандарды бас бостандығынан айырмауды тапсырған еді. Қателеспесем, 983 адам сотталды, оның ішінде 100-ден астамы нақты жазаға кесілсе, қалғандары шартты түрде және бас бостандығы шектелді», - деді Шындалиев.



Ол жаппай тәртіпсіздіктер кезінде қаза тапқандар саны өзгермегенін атап өтті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#қаңтар #рақымшылық #прокуратура
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы әкімі Жетісу ауданындағы көріктендіру жобаларымен танысып, бизнестің қатысуын күшейтуді тапсырды

Бүгін 18:47

Алматыда қала орталығындағы жазғы дәмхана сүрілді

Бүгін 17:55

Тұтынушылық кредит алушылар азайған

Бүгін 17:37

2025 жылы 1757 ресейлік Қазақстан азаматтығын алған

Бүгін 17:10

Алматы үйленуден көш бастап тұр

Бүгін 16:44
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика