AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Бас мүфти қасиетті Шағбан айының келуімен құттықта...

Бас мүфти қасиетті Шағбан айының келуімен құттықтады

Әлеумет 21.02.2023, 11:05 1,116
Бас мүфти қасиетті Шағбан айының келуімен құттықтады
Сурет: ашық дереккөз

Бас мүфти Наурызбай Тағанұлы қазақстандықтарды шарапаты мол Шағбан айының келуімен құттықтады,-дп хабарлайды almaty-akshamy.kz ҚМДБ сайтына сілтіме жасап.


Қадірлі жамағат! Баршаңызды шарапаты мол Шағбан айының келуімен шын жүректен құттықтаймын!,


Қасиетті Рамазан айының келгенін сүйіншілейтін Шағбанда әр шаңыраққа шаттық, бақыт пен береке тілеймін. Алла Тағала осы айда жасайтын дұға-тілектерімізді, құлшылық-ғибадаттарымызды қабыл еткей!


Ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өз үмбетіне Шағбан айы кіргенде тазаланып, ниетімізді дұрыстауды өсиет еткен.


Алла елшісінің тағы бір хадис-шарифінде айтылғандай, Шағбан айында жасалған дұға кері қайтарылмайды. Ендеше, шарапаты мол Шағбан айында шынайы ниетпен халқымыздың амандығын сұрап, көп дұға жасайық. Құрметті жамағат! Ізгі ғұламалардың бірі «Ережеп – желге, Шағбан – бұлтқа, Рамазан жаңбырға ұқсайды. Ережеп айында дән егілмесе, Шағбанда суарылмаса, Рамазанда қандай егін күтуге болады» деген.


Осы айда ниетімізді түзеп, нәпіл ораза ұстап, мүмкіндігінше тазаланып, дұға жасап өзімізді қорғайық. Құран оқып, қиналған жандарға, науқастарға, қиындыққа тап болған мұсылмандарға Алладан жеңілдік, шипа тілейік. Өйткені, «Құран оқу – көңілдің шипасы» (хадис).


Алла Тағала елімізге амандық, жерімізге тыныштық, халқымызға береке нәсіп еткей! Ел іргесін берік етіп, Шағбанның шарапатына бөленуді жазғай!


Раббым, Ережепті аман-есен аяқтадық, енді Шағбан айын да берекелі ете гөр! Бізді Рамазанға аман-есен жеткізе гөр! Әмин!,-деді Бас мүфти Наурызбай Тағанұлы 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Шағбан айы #Бас мүфти #құттықтады
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Келешек мектептерінің оқушылары «Таза Қазақстан» акциясына қатысты

Бүгін 18:29

Алматы студенттері Қытайда цифрлық қауіпсіздік бойынша білімдерін шыңдады

Бүгін 18:13

Тоқаев Креативті индустрияны дамыту қорының кеңсесін аралап қайтты

Бүгін 17:22

Алматыда «жасыл» энергетиканы дамыту аясында заманауи қоқыс өңдеу зауыты салынбақ

Бүгін 16:42

Алматыда 55 мыңнан астам адам қатысқан ауқымды сенбілік өтті

Бүгін 15:50
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика