AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Бас мүфти Индонезия ғұламалар кеңесімен бірлескен...

Бас мүфти Индонезия ғұламалар кеңесімен бірлескен мәлімдемеге қол қойды

Әлеумет 10.02.2023, 04:41 1,223
Бас мүфти Индонезия ғұламалар кеңесімен бірлескен мәлімдемеге қол қойды
Сурет: Elorda.info

Бас мүфти Индонезия ғұламалар кеңесімен бірлескен мәлімдемеге қол қойды.


Өзара бірлескен мәлімдеме 2023-2026 жылдарды қамтиды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Elorda.info сайтына сілтеме жасап. 


Индонезия астанасы Жакарта қаласында ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы осы елдің Ғұламалар Кеңесі Бас төрағасының міндетін уақытша атқарушы доктор Марсуди Сухуд мырзамен кездесті.



«Кездесу барысында бірлескен мәлімдемеге қол қойылды. Онда ҚМДБ мен Индонезия Ғұламалар кеңесі әлемдегі бейбітшілікті сақтау, Ислам дінінің өркендеуіне үлес қосу, өзара екіжақты вебинар, конференция, семинар ұйымдастыру қамтылды. Өзара бірлескен мәлімдеме 2023-2026 жылдарды қамтитынын айта кеткен жөн», - деп жазылған ҚМДБ хабарламасында.



Бірлескен мәлімдемені жүзеге асыру бағдарламасы екіжақты тараппен арнайы келіскен түрде нақтыланады. Екі тарап та ынтымақтастықты арттырып, Ислам дінін әлемге насихаттау, оның ішінде Азия аймағында жаңғыртуға ниетті.


Сондай-ақ мәлімдемеге сәйкес Ғұламалар кеңесінің бірлескен жиынын өткізу, мұсылман ғалымдар, әйелдер мен жастардың пікір алмасуын қамтамасыз ету көзделген. Зерттеулер мен жарияланымдар жасау, студенттерге дәріс беру және Кеңес мүшелерінің тәжірибе алмасуы қарастырылған.



Телеграм арнаға жазылыңыз
#Бас мүфти #ғұламалар кеңесі #мәлімдеме
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Трейдинг арқылы пайда табуды көздеген Тараз тұрғыны ақшасынан айырылып қалды

Бүгін 18:07

БҚО-да заңсыз айналымнан 220 келіден астам марихуана тәркіленді

Бүгін 17:51

Тараз перзентханасында бір күнде төрт ана егіз босанды

Бүгін 17:29

Маңғыстау облысында Президент Жолдауы талқыланды

Бүгін 17:19

Қазақстан мобильді интернет бағасы мен жылдамдығы бойынша үздіктер қатарына енді

Бүгін 17:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);