Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Бас мүфти Білім күнімен құттықтады

Бас мүфти Білім күнімен құттықтады

Білім және ғылым 01.09.2023, 07:22 1,287
Бас мүфти Білім күнімен құттықтады
Сурет: ҚМДБ

Білім алу үшін күш-жігер, талап-талпыныс қажет.


ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы ТАҒАНҰЛЫ Білім күнімен құттықтады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz басқарманың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Құрметті қауым!


Барша мектеп оқушылары мен студенттерді, мұғалімдер мен білім саласының қызметкерлерін, соның ішінде «Нұр-Мүбарак» университетінің, медресе-колледждердің ұстаздары мен шәкірттерін 1 қыркүйек – Білім күнімен шын жүректен құттықтаймын! Болашақтың іргесін қалайтын шәкірттерге жаңа оқу жылында табыс пен береке тілеймін!


Білім алу үшін күш-жігер, талап-талпыныс қажет. Сонда ғана алған білімнің нәтижесі болады. Асыл дінімізде мұсылмандардың білім алуы – міндет. Алла Тағала «Алақ» сүресінде: «Оқы! Жаратқан Раббыңның атымен оқы! Ол (Алла) адамды ұйыған қаннан жаратты. Оқы! Сенің Тәңірің ең ардақты! Ол қаламмен жазу үйретті. Адамдарға білмегенін үйретті», – дейді.



Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) да: «Білім алу мұсылман ер мен әйелге – парыз», – деп білім алудың діндегі орны ерекше екенін ескерткен. Сондықтан біздің ғылым-білім үйреніп, білгенімізді басқаларға үйретуіміз – парыз. Себебі, хадистерден жеткендей, білімді жаю – Алла жолында жасалған үлкен садақа. Сонымен қатар білім – бақыттың кілті, жәннатқа жетелейтін үлкен нығмет. Білімді адамның бұ дүниеде де, о дүниеде де жүзі жарық.



Махмұд Қашғаридің: «Ұлым саған айтайын өсиетін дананың, Білімдіні таны да, соңынан ер, қарағым» десе, Шәкәрім қажы Құдайбердіұлы: «Талаптан да білім мен өнер үйрен, Білімсіз, өнерсіз болады ақыл тұл», – деген. Себебі ақылды асыл ететін – білім.


Ендеше, шәкірттеріміздің білім жолындағы қадамына нұр жаусын деп тілеймін! Жаратушы Иеміз олардың алған білімін кәдеге асырып, еліміз бен жеріміздің болашағы үшін қызмет етуін нәсіп етсін! Әмин!


 


 


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#білім #мүфти #ҚМДБ
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Өмірзақ Айтбаевтың 90 жылдығына арналған ғылыми жиын өтті

Бүгін 19:18

Алматыда 3 сәуірден бастап жылу кезең-кезеңімен өшіріле бастайды

Бүгін 19:13

Алматыда Жамақаев көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Бүгін 18:43

ҚАЖ жүйесі қалай өзгереді? Бас прокуратура маңызды реформаларды жариялады

Бүгін 18:36

Туристік серпін: Алматыға 2,5 млн-ға жуық адам келді

Бүгін 17:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика