Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Бартоғай су қоймасына пайдалануға берілгеннен бері...

Бартоғай су қоймасына пайдалануға берілгеннен бері толық реконструкция жүргізілмеген

Әлеумет 24.11.2023, 12:10 1,166
Бартоғай су қоймасына пайдалануға берілгеннен бері толық реконструкция жүргізілмеген
Сурет: Gov.kz

ҚР Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Алматы облысында бірқатар жобалардың іске асырылу барысымен және маңызды гидротехникалық құрылыстардың жай-күйімен танысты.


Алдымен Ұйғыр ауданындағы жергілікті суару желілерін қалпына келтіру жұмыстарын бақылады,деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz министрліктің ресми сайтына сілтеме жасап. 


Министр Алматы облысының бөлінуіне байланысты облыстық әкімдікпен бірлесіп «Қазсушар» РМК «Жетісу» филиалының объектілерін Д.Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналының балансына немесе Алматы облысының коммуналдық меншігіне беру туралы тапсырма берді. Сондай-ақ, «Жетісу» филиалының балансындағы Ұйғыр ауданындағы екі апатты су қоймасын реконструкциялау бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірлеуді тапсырды.


Одан әрі Бартоғай су қоймасының негізгі құрылыстарын – автоматты су жіберу, конустық бекітпелер мен ысырмаларды қарап шықты. Бартоғай су қоймасына 1983 жылы пайдалануға берілгеннен бері толық реконструкция жүргізілмеген. Нұржан Нұржігітов нысанның жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеуді жеделдетуді тапсырды. ЖСҚ әзірлеу кезінде қазіргі уақытта «Қазгипросушар» институты жүргізіп жатқан көп факторлы зерттеу қорытындыларын ескеру қажет екенін атап өтті.


Министр Үлкен Алматы каналының бас ғимаратына барды. Нұржан Нұржігітов магистральдың тозуына байланысты суды автоматты есепке алу жүйесін енгізе отырып, каналды кезең-кезеңімен реконструкциялауға кірісуді тапсырды. Одан кейін Үлкен Алматы каналының апатты учаскелерін реконструкциялау жоспарымен танысты.



«Нысан Алматы облысы мен Алматы қаласының азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін өте маңызды. Сондықтан құрылыс-монтаждау жұмыстарын бастау үшін қажетті құжаттарды алуды жеделдету және іс жүзінде оларды орындауға кірісу қажет»,- деді Нұржан Нұржігітов.



Жұмыс сапары аясында министр Нұра топтық су құбырының «Алатау» филиалы нысандарының қызметімен танысты. Тиімді басқаруға қол жеткізу үшін «Алатау» филиалының топтық су құбырларын жергілікті атқарушы органдардың балансына беру туралы шешім қабылданды.


Нұржан Нұржігітов Алматы облысына жұмыс сапарының соңында «Қазсушар» РМК Д.Қонаев атындағы «Үлкен Алматы каналы» филиалының әкімшілік басқармасына барды. Филиал ұжымымен кеңес өткізіп, жаңадан құрылған Су және ирригация министрлігінің міндеттері мен негізгі бағыттарымен таныстырды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Су ресурстары #министр #су нысандары #аралау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Бүгін 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Бүгін 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Бүгін 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Бүгін 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Бүгін 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика