"Қазгидромет" РМК 2 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында күн күркіреп, найзағай ойнайды, бұршақ жауады деп болжанады. Оңтүстіктен батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. Оралда күн күркіреп, найзағай ойнауы мүмкін.
Қарағанды облысының оңтүстігіне шығыстан, оңтүстік-шығыстан 18 м/с жылдамдықпен жел соғады, 36 градус ыстық болады деп күтіледі. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, күндіз облыстың басым бөлігінде оңтүстік-шығыстан жел соққан желдің екпіні – 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с дейін жетеді. Өңірде өрт тұтану қаупі жоғары. Петропавлда күндіз оңтүстік-шығыстан жел тұрып, жылдамдығы 15-20 м/с болады.
Атырау облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде күн күркіреп, найзағай ойнайды деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан, түнде шығыстан соққан желдің жылдамдығы – 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Атырауда күндіз күн күркіреп, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-18 м/с болады.
Жетісу облысының Алакөл аумағында солтүстік-шығыстан жел тұрып, екпіні 17-22 м/с дейін жетеді. Облыстың басым бөлігінде 35-38 градус аптап ыстық болады деп күтіледі. Талдықорғанда күндіз 35-37 градусқа дейін қатты ыстық болуы мүмкін.
Күндіз Ұлытау облысының солтүстік және орталығында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел тұрады, екпіні – 18 м/с. Күндіз облыстың басым бөлігінде 35-38 градус аптап ыстық болуы мүмкін. Облыстың оңтүстігінде өрт тұтану қаупі жоғары. Жезқазғанда күндіз шығыстан, оңтүстік-шығыстан жылдамдығы 18 м/с жел тұруы мүмкін, 35-36 градус қатты ыстық болады.
Түнде Ақтөбе облысының солтүстігінде нөсер жаңбыр жауады деп болжанады. Облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында күн күркіреп, найзағай ойнайды, бұршақ жауып, дауыл соғады деп күтіледі. Түнде облыстың оңтүстігінде, батысында, солтүстігінде, күндіз шығысында, оңтүстігінде оңтүстік-батыстан, батыстан жылдамдығы 17-22 м/с жел соғады деп болжанады. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтөбеде күн күркіреп, найзағай ойнауы мүмкін.
Қызылорда облысының солтүстігінде, батысында, орталығында күн күркірейді, дауыл соғады. Өңірдің солтүстігінде, батысында, орталығында батыстан жел соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады. Күндіз 40 градусқа дейін аптап ыстық болуы мүмкін. Облыстың батысында, шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Қызылордада күндіз күн күркіреп, батыстан 15-20 м/с жел соғады деп күтіледі. Күндіз 40 градус аптап ыстық болуы мүмкін. Өрт тұтану қаупі жоғары.
Абай облысының оңтүстік-батысында күндіз солтүстік-шығыстан 15-18 м/с жылдамдықпен жел соғады деп болжанады. Облыстың солтүстік-батыснда, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Түркістан облысының солтүстігінде, батысында шаңды дауыл соғуы мүмкін. Таңертең және күндіз өңірдің солтүстігінде, батысында және таулы аймақтарында солтүстік-шығыстан жел тұрады, екпіні – 15-20 м/с. Күндіз облыстың шөлді аймақтарында 41 градусқа дейін аптап ыстық болады. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт тұтану қаупі жоғары. Шымкентте төтенше өрт қаупі сақталады. Түркістанда күндіз 41 градус қатты ыстық болады деп болжанады. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Түнде Шығыс Қазақстан облысының шығысында, оңтүстігінде күн күркірейді, солтүстігінде тұман болады деп күтіледі. Облыстың шығысында, оңтүстігінде 15-20 м/с жылдамдықпен солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғауы ықтимал.
Ақмола облысының солтүстігі мен батысында оңтүстік-шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғаы деп күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігі мен батысында 35-37 градус қатты ыстық болуы мүмкін. Облыстың оңтүстігі мен батысында өрт қаупі жоғары.
Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, шығысында күн күркіреп, найзағай ойнауы мүмкін. Облыстың батысында түнде және таңертең тұман түседі. Өңірдің батысында, солтүстігі мен шығысында батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел тұрады деп күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтауда түнде және таңертең тұман түседі, төтенше өрт қаупі сақталады деп болжанады.
Таңертең және күндіз Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде күн күркіреп, бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы күндіз 15-20 м/с жетеді. Күндіз облыстың оңтүстігінде 36 градус қатты ыстық болады. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қостанайда оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.