AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / «Барлығы заңды түрде болуы керек

«Барлығы заңды түрде болуы керек

Әлеумет 06.09.2024, 11:05 1,249 Bakyt
«Барлығы заңды түрде болуы керек
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Ерболат Досаев – тұрғындардың кәсіпкерлерді жазалауды талап етуі туралы

Алматы әкімі Ерболат Досаев Бостандық ауданының тұрғындарымен кездесуде тұрғындардың кейбір кәсіпкерге қатысты шағымына жауап берді. 

«Мен Торайғыров көшесінен 500 метр қашықтықта тұрамын, бөлмемнің терезесін аша алмаймын, себебі кәуапхананың иісі шығады. Өтінемін, қандай да бір шара қолданыңызшы», - деді аудан тұрғынының бірі әкімнен.

Қала басшысы осындай шағымның басқа аудандардан да түскенін, қазір қала бойынша тексеріс жүргізіліп жатқанын айтты. 

«Әрбір тексерістен бұрын Құқықтық статистика комитетінде тіркеледі, ол жерде кәсіпкерлерге артық қысым жасап жатқан жоқпыз ба, сол мұқият қаралады. Өткен жолы осы мәселені Ұлттық экономика министрлігі мен Сауда және интеграция министрлігіне ұсынғанымды айтқан болатынмын. Ұсыныс қабылданғаннан кейін мәселені жүйелі түрде шешеміз деп үміттенемін. Қажетті жұмыстарды жүргіземіз», – деді Ерболат Досаев.

Сондай-ақ, қала басшысы кәсіпкерлік басқармасына, аудан әкімдігіне, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне осы мәселені бақылауға алуды тапсырды.

«Заң талаптарына сәйкес келетін жақсы сүзгілерді орнату үшін кәсіпкермен сөйлесіңіздер, егер орнатпаса, тиісті шаралар қабылдаңыздар», – деп әкім тапсырма берді.

Қала басшысы бизнестің кәсіпкерлік Кодекспен қорғалғанын және мәселені шешу үшін нормативтік-құқықтық актілерге өзгерістер енгізу қажет екенін айтты. Тиісті ұсыныстар орталық мемлекеттік органдарға берілді.

«Қала прокуратурасын объективті тексеріс жүргізуге шақырамын, белгіленген нормалар мен ережелердің сақталмағанын және негізгі талаптардың орындалмай жатқанын көріп, соның негізінде шешім қабылдауға болады, барлығы заңды түрде болуы керек», – деді Ерболат Досаев.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Бостандық ауданы #Ерболат Досаев
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Әлем көшбасшылары Тоқаевты туған күнімен құттықтап жатыр

Бүгін 12:24

Алматы облысында полицей әйелін көлікпен қағып өлтірді деген күдікке ілінді

Бүгін 11:11

Алматыда алдағы күндері ауа райы қандай болмақ?

Бүгін 10:31

Туған күнін тойламайтын Тоқаев

Бүгін 09:30

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);