"Бәрі несиеге батқан". Депутаттар елдегі қымбатшылықты қалай бағалады?

  • 15:36, 03 қыркүйек 2025
"Бәрі несиеге батқан". Депутаттар елдегі қымбатшылықты қалай бағалады? Коллаж: aqshamnews.kz

Кеше депутат Ермұрат Бәпи аймақтарды аралаған кезде "қатты қиындық көріп жүрген халықты байқамағанын" айтқан еді. Осыған орай Aqshamnews.kz тілшісі Мәжіліс депутаттарынан бұл пікірге қатысты көзқарасын сұрады. 

Ринат Зайыттың айтуынша, ол аралаған өңірде қымбатшылық қатты байқалған. 

"Әрине, мүмкін ол басқа жақтарға барған шығар. Өзім аралаған өңірде көп. Бәрі несиеге батқан. Уайымы көп. Еңбек істеп, мал бағайын десе, ауылда жер жоқ. Әзірге білінбеуі мүмкін. Міне, қыста көмірдің әңгімесі басталады. Жылудың әңгімесі бар, себебі тариф өсті. Мен Ермұрат Бәпи сияқты қазақ демократиясына қызмет еткен сақа депутаттың ойымен таласқым келмейді. Оның пікірін дұрыс-бұрыс деп айта алмаймын", - деді ол. 

 Сондай-ақ, депутат Зайыт қымбатшылықты отбасының тұрмыс-тіршілігі арқылы байқап жүргенін айтты. 

"Мен дүкенге бармаймын. Әйелім барады. Бірақ оның айтуынша, қатты қымбатшылық болып жатқан сияқты", - деді Ринат Зайыт.

Қостанай өңірінен сайланған депутат Еркін Әбіл де бағаның өсуі аймақтарда сезілетінін атап өтті.

"Әрине, өзімізде базарға барып ет аламыз, сезіп жатырмыз. Астанадағыдай емес бірақ Қостанай да сезіледі. Басқа экономикалық өңірлермен салыстырғанда жалақы төмен. Биыл, өкінішке қарай, инфляция - 11 пайыз. Үкімет 5-8 пайыз қалады деп отыр. Бұл да жоғары пайыз деп есептеймін. Ұлттық қордан ақша ала берсек, инфляция ешқашан тоқтамайды. Сондықтан қымбатшылықты тоқтату үшін бюджет мәселесін шешуіміз керек. Қостанайда көкөністің бағасы өсіп жатыр. Ол күзде арзандауы керек еді, бірақ жағдай осындай", - деді депутат.

Депутат Абзал Құспан болса, Астананың кейбір аудандарында халықтың тұрмыс қиындығы анық көрінетінін айтты. 

"Менің тақырыбым басқа болғанымен, ел арасында жүрген соң қымбатшылықтан қиналып жүрген халықтың барын білемін. Дәлелдеуді қажет етпейді. Астанадағы "Артем" базарының артына барсаңыз, жағдайды көресіз. Оң жағалаудағы қиыншылықты сезінесіз, Астанада жүргеніңізді ұмытып қалуыңыз мүмкін", - деді ол.

Еске салайық, бұған дейін Ермұрат Бәпи аймақтарды аралаған кезде "қатты қиындық көріп жүрген халықты байқамағанын" айтқан еді. Кейін депутат бұл сөзін түсіндіріп, өз аймағында халықтың жағдайын салыстырмалы түрде жеткізгенін атап өтті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
1
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

18:27

17:56

17:44

17:22

17:20

16:33

16:25

15:51

15:36

15:33

15:30

15:29

15:23

15:19

14:22

13:39

12:31

12:24

12:02

11:45

11:10

10:49

10:45

10:43

10:32