AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Билік / "Қандай сұрақ – сондай жауап". Депутат Бәпи қымбат...

"Қандай сұрақ – сондай жауап". Депутат Бәпи қымбатшылыққа қатысты даулы пікірін түсіндірді

Билік 03.09.2025, 15:30 684
"Қандай сұрақ – сондай жауап". Депутат Бәпи қымбатшылыққа қатысты даулы пікірін түсіндірді
parlam.kz

Мәжіліс депутаты Ермұрат Бәпи кеше кулуарда журналистерге қымбатшылық мәселесіне қатысты пікір білдірді. Бұл қоғамда қызу талқыланған еді. Ол аймақтарды аралаған кезде "қатты қиындық көріп жүрген халықты байқамағанын" айтқан болатын. Депутат бұл сөзін Aqshamnews.kz тілшісіне түсіндіріп, әлеуметтік желіде таралған видеодағы контексттің бұрмаланғанын айтты.

"Әлеуметтік желіге кесіліп кеткен. Маған журналист "сайлаушылармен кездесуде қымбатшылыққа қамалған адамдарды көрдіңіз бе?" деді. Сұрақтың басы кесіліп қалған. Қандай сұрақ – сондай жауап. Мен көрмедім дедім. Кездесуде қымбатшылық мәселесін көтерген адам болмады. Ал негізінде қымбатшылық бар, ол әлемдік тренд болып кеткен. Америка, Еуропа, мысалы көршіміз Ресейде бензиннің 1 литрі 1 долларға жетті. Ал мұны тоқтатудың амалын Үкімет жасауы керек. Базар мен алаң арасындағы делдалдарды азайту керек. Өйткені егіс даласынан тауар "Көк базарға" жетемін дегенше 4-5 делдалдан өтеді", – деді ол.

Бірақ депутат қымбатшылықты сезінетінін мойындады.

"Әрине, біз енді аптасына бір рет базарға барамыз. Бірақ қалтамды қағып жатыр деп те айта алмаймын. Отбасында екі адамбыз. Балалар өсіп кетті. Қиналып, зардап шегіп, зар илеп жүрмін деп айта алмаймын", – деді Бәпи.

Бұл пікір қоғамда қызу пікірталас туғызды. Депутат қымбатшылық мәселесін шешу үшін Үкіметке нақты қадамдар қажет екенін, әсіресе делдалдар санын азайту керектігін алға тартты.

Еске салайық, Ермұрат Бәпи кеше кулуарда журналистерге аймақтарды аралаған кезде "қатты қиындық көріп жүрген халықты байқамағанын" айтқан болатын.

"Әрине, әңгіме бар ол жерде. Қымбатшылық туралы әңгіме қай жерде болсын бар. Бірақ жалпы менің өзім Шығыста болдым, Семейде болдым. Алматы облысында болдым. Біраз жерде болдым. Сондай бір қатты қиыншылыққа тап болған халық бар – деген сөз көрген жоқпын. Бірақ, жекелеген бір отбасылар бар екен", – деді депутат.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #депутат #қымбатшылық #даулы пікір #Мәжіліс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы әкімі «Тазару күніне» арналған жалпықалалық сенбілікке қатысты

Бүгін 16:36

Алматы метрополитенінің бекеттерінде концерттер мен фотокөрмелер өтіп жатыр

Бүгін 15:17

Ұлыстың Ұлы Күні Алматыда «Ар ма, Әз Наурыз!» атты дәстүрлі музыка концерті өтті

Бүгін 13:41

Президент үндеу жасады

Бүгін 12:42

«Жұлдызды Алматы»: Астана алаңында Наурызға арналған мерекелік концерт өтті

Бүгін 12:36
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика