AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / «Бар мейіріміміз балаларға!»

«Бар мейіріміміз балаларға!»

Медицина 06.06.2024, 14:56 1,111 dulatbekova
«Бар мейіріміміз балаларға!»
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Педиатрия орталығында Балалар күні атап өтілді.

Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығында Халықаралық балаларды қорғау күніне орай, қатерлі дертке және сирек кездесетін ауруларға шалдыққан балалар үшін «Бар мейіріміміз балаларға!» атты мерекелік шара өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Айтулы мерекеге арналған шараны Педиатрия орталығының Басқарма төрағасының ғылыми және инновациялық қызметтер жөніндегі орынбасары Лязат Манжуова ашып, барша қауымды келе жатқан Балалар күнімен құттықтады. Жаздың алғашқы күнімен тұспа-тұс келетін Балалар мерекесімен сонымен қатар, ПБХҒО республикалық Балалар онкологиясы және гематология орталығының жетекшісі Гүлнар Әбділова, «Халық» қайырымдылық қорының директоры Бағынбек Шункеев, Мақан Есболатов атындағы Ішкі істер министрлігі Академиясының өкілі Индира Шамшиева құттықтап, ақжарма тілектерін білдірді.

Мерекелік шара «Мәрмәр» өнер орталығы оқушыларының орындауындағы күмбірлеген күймен ашылды. Мерекеге Ұлы Абай өңірінің белгілі әншілері  Дастан Қалиқанұлы, Болатбек Ысқақ, Шынболат Ұзақбай, Еркебек пен Әлия Әукеновалар арнайы қатысып, ән шашуларымен балаларға мерекелік көңіл-күй мен қуаныш сыйлады. Педиатрия орталығында ем алып жатқан балаларды қолдауға «Melisa Brand» студиясының әншісі Әзиза Нұрбақытқызы, «Киндер» хореографиялық ансамблі  мен «Baglan Abdraim» өнер орталығының жас өнерпаздары да келіп, өз өнерлерін паш етті. Көпшілікті Мақан Есболатов атындағы Ішкі істер министрлігі Академиясы курсанттарының өнері тәнті енті. Олардың орындауында патриоттық әндер шырқалып, арнайы флешмоб көрсетілді. 

Балалар үшін түрлі мөлтек фильм кейіпкерлерімен фотосессиялар ұйымдастырылды. Қазақстандық қор биржаның демеушілігімен келген  аниматорлар бүлдіршіндердің көңілін көтеріп, түрлі ойындар ойнады. 

Мерекелік шара соңында демеушілер тарапынан барша балаға сыйлықтар таратылды. 

Шара барысында Педиатрия орталығының №2 онкогематология бөлімінде ем  алып жатқан балалардың ата-аналары сөз сөйлеп, барша демеушілерге алғыстарын білдірді. 

Педиатрия орталығында ем алып жатқан барлық балаға зор денсаулық, мол бақыт, бақытты балалық шақ, қуаныш пен шаттыққа толы жарқын өмір тілейміз! Балалар мерекесі құтты болсын! 

Ауыр дертке шалдыққан балаларға мереке, қуаныш сыйлап, аты жаман ауруды жеңуге деген сенім ұялатуға ұмтылған шараның психологиялық көмегі зор деп білеміз. 

Бұл тарапта мерекелік шараға атсалысқан барша демеушілерге алғысымызды білдіреміз! Биыл балалар үшін мереке Қазақстан қор биржасы, «Амила»,  «Халық» қайырымдылық қорлары, ҚР Ішкі істер министрлігі  Академиясы,  «Соса Сола» және т.б. компаниялардың демеушілігінің арқасында өтті.  

Телеграм арнаға жазылыңыз
#педиатрия орталығы #Балалар күні #мерекелік шара
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда 2029 жылға дейінгі «Digital Qazaqstan» Жалпыұлттық стратегиясы қабылданды

Кеше 19:12

Алматылықтар 36 литрден астам қан тапсырды

Кеше 18:39

Алматы түркі әлемін біріктіреді: Түркияның жастар делегациясы оңтүстік астанаға келді

Кеше 18:34

Алматы мәслихатының депутаттары 2025 жылғы бюджеттің атқарылуын қарап, 2026–2028 жылдарға арналған бюджетті нақтылауды қолдады

Кеше 18:30

Алматыда ірі инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалар жүзеге асырылып келеді

Кеше 17:57
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);