Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Бақытжан Сағынтаев қалалық жедел шұғыл көмек көрсе...

Бақытжан Сағынтаев қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасының ұжымымен кездесті

Әлеумет 26.01.2022, 12:34 1,106
Бақытжан Сағынтаев қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасының ұжымымен кездесті
Сурет: Almaty-akshamy

Әкім мамандарға батылдығы үшін алғыс білдірді.


Жұмыс сапары кезінде Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев дәрігерлерге қаңтардың қайғылы күндері көрсеткен мамандыққа деген адалдығы мен батылдығы үшін алғыс айтты, сондай-ақ ЖШККА-ны дамытудың перспективалық мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Кездесуге бас дәрігердің орынбасарлары, бөлім меңгерушілері, аға медбикелер қатысты. Әңгіме барысында олар медициналық көмек көрсету бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтып, даму перспективалары жөнінде пікірлерімен бөлісті.



Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев барлық дәрігерлер мен медицина қызметкерлеріне көрсеткен батылдығы үшін алғыс білдірді. 4-10 қаңтар аралығында аурухананың қабылдау бөліміне түрлі жарақаттармен – оқ тиген, көгерген жаралармен, дене жарақаттарымен зардап шеккендер түсті. Ауруханаға барлығы 305 адам жүгінген, олардың 200-ге жуығы қысқа мерзімде түскен. Аурухананың барлық 9 операциялық бөлімі тәулік бойы және үздіксіз жұмыс істеді, 259 операция жасалды.



Құрамында травматолог-дәрігерлер, хирургтер, нейрохирургтер, анестезиолог-реаниматологтар, медбикелер және басқа да мамандар бар алты бригада жұмыс істеді. Пациенттердің жаппай түсуін ескере отырып, медициналық сұрыптау жүйесі өзін жақсы көрсетті. Осылайша, қызметкерлердің жұмысындағы хаос пен дүрбелеңді болдырмауға мүмкіндік туды.


Ауыр жарақат алғандар шұғыл түрде операциялық блокқа оталық емделуге жіберілді, орташа ауырлықтағы пациенттер бөлімшелерге жатқызылды, жеңіл жарақат алғандар тексеріліп, таңылып, амбулаториялық емдеуге үйлеріне жіберілді.



«Өте қауіпті жағдайға қарамастан, аурухана қызметкерлері нағыз ерлік пен шынайы патриотизмді көрсетті, өздерінің кәсіби борыштарын батылдықпен орындауды жалғастырды», - деп атап өткен Бақытжан Сағынтаев ТЖ кезінде жұмыс істеген 430 қызметкердің барлығы материалдық ынталандырылғанын хабарлады.



Аурухананың материалдық-техникалық базасын одан әрі дамыту мақсатында қала әкімі Бақытжан Сағынтаев қоғамдық денсаулық басқармасына қажетті медициналық жабдықтар мен "жедел жәрдем" көліктерін сатып алуға өтінім дайындауды тапсырды. Денсаулық сақтау мекемелерін модернизациялаудың үш жылдық бағдарламасы аясында лифтілерді арнайы медициналық лифтілерге ауыстыруды қарастыру қажет.



Бүгінде аурухананың қызметі Алматы қаласының және бүкіл Қазақстанның тұрғындарына жоғары білікті шұғыл және жоспарлы медициналық көмек көрсетуге бағытталған. Стационар 320 орынға есептелген. Ауруханада жетекші медициналық жоғары оқу орындарының кафедралары орналасқан.


2021 жылы клиника ауыр және өте ауыр дәрежелі COVID-19 пациенттерін қабылдай отырып, І эшелондағы жұқпалы аурулар ауруханасы ретінде 5 ай жұмыс істеді. Барлығы КВИ бар 3789 пациент емделді.


Алматы әкімдігінің арқасында аурухана орталықтандырылған оттегі станциясымен қамтамасыз етілген. «Б» және «В» класындағы медициналық қалдықтарды залалсыздандыру бойынша тез құрылатын модульдік кешендер салынды.


Бүгінде аурухана 100% медициналық газдармен қамтамасыз етілген және әр палатада оттегі консольдері орнатылған. Ауруханаішілік инфекциялардың таралуының алдын алу үшін ҚЖШККА-ның әр қабатында жеке сору-сыртқа тарату желдеткіші жұмыс істейді.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #аурухана #әкім
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда AI Engineering бағдарламасының жаңа легі басталады: оқушылар жасанды интеллект пен жобалар жасайды

Бүгін 19:41

Алматыда жасыл желектерді ауқымды дәрілеу жұмыстары басталды

Бүгін 19:38

Махаббат пен парыз арасындағы тартыс: Алматыда «Шідер» детектив-драмасының премьерасы өтеді

Бүгін 18:38

Алматыда Жетісу көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Бүгін 18:17

Алматыда World Schools Team Championship 2026 Азия кезеңі басталды

Бүгін 17:23
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика