Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Бақытжан Сағынтаев: Мектептерде эпидемиологиялық а...

Бақытжан Сағынтаев: Мектептерде эпидемиологиялық ахуалдың тұрақты мониторингі жұмыс жасайтын болады

Білім және ғылым 25.08.2021, 10:57 1,929
Бақытжан Сағынтаев: Мектептерде эпидемиологиялық ахуалдың тұрақты мониторингі жұмыс жасайтын болады
almaty-akshamy.kz

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев тамыз кеңесінде мегаполис мектептерінде офлайн режимде білім беру қалай ұйымдастырылатынын айтты, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz


«Алматы мектептері постковидтік кезеңде: Білім сапасы, балалардың денсаулығы және отбасының рөлі» атты онлайн-форум барысында мегаполис әкімі Бақытжан Сағынтаев жаңа оқу жылында қаланың 287 мектебі 300 мыңға жуық оқушыға есігін айқара ашатынын айтты. Бірінші сыныптарға 30 мыңнан астам бала барады.
Жаңа оқу жылы қарсаңындағы маңызды міндеттер – балаларды оқыту мен тәрбиелеу үшін қауіпсіз және жайлы жағдайлар жасау, балалар мен қызметкерлердің денсаулығын қорғауды қамтамасыз ету, оқыту-тәрбиелеу процессін сапалы ұйымдастыру, оның ішінде балалардың білімдерін жетілдіру және психологиялық қолдау көрсету.


Осыған орай, Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев білім басқармасына санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментімен және қоғамдық денсаулық басқармасымен бірге мектептерде 1 қыркүйектен бастап санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін тұрақты мониторинг жүргізуді тапсырды. Сонымен қатар күнделікті профилактикалық іс-шаралардың жүргізілуіне және мектептердің қажетті дезинфекциялық және басқа қорғаныс құралдарымен жабдықталуына бақылау орнатылады.


Бұдан өзге, мектептерде науқас балалар анықталған жағдайда, оларды кейін қашықтан оқытуға ауыстыру үшін алгоритм әрекеттері әзірленді. Білім басқармасына ата-аналар қауымдастығымен сапалы кері байланыс орнату, оның ішінде  ата-аналарға кеңес беру үшін барлық білім беру ұйымдарында «сенім телефондары» мен call-орталықтардың жұмыстарын жандандыру тапсырылды.



«Оқытудың дәстүрлі форматына оралудың маңызды шарттарының бірі білім беру саласы қызметкерлерін вакциналау болып табылады. Бүгінде медициналық қарсы көрсеткіштері барларды қоспағанда, мемлекеттік білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін 33 мыңнан астам қызметкер 100% вакциналанды», - деді Бақытжан Сағынтаев.



1 қыркүйекке дейін жеке білім беру ұйымдарының қызметкерлерін вакциналау аяқталады, қазірдің өзінде 10 мыңнан астам адам немесе 95%-ы екпе салдырды.



Жаңа оқу жылы қарсаңында мектептерде және оған жақын аумақтарда қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша профилактикалық шаралар күшейтілді. Бүгінде барлық білім беру ұйымдары ішкі және сыртқы бейнебақылау жүйелерімен қамтамасыз етілген, 239 ұйымда (33 балабақша, 187 мектеп, 15 интернат, 4 колледж), бұл жүйелер полиция департаментінің жедел басқару орталығына қосылған.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #білім #Сағынтаев
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қабырғаға ұрып, үстіне секірген: Алматыда мысықты қорлаған жасөспірімнің видеосы тарады

Бүгін 14:45

Ақтөбеде шахтерлер мен ойын-сауық орындарын бопсалаған қылмыстық топтар ұсталды

Бүгін 14:27

Қазақстандық теннисші Үндістандағы турнирде екі бірдей сында жартылай финалға шықты

Бүгін 14:16

Алматы Орталық Азиядағы басты тартымды бағыт ретіндегі орнын нығайтып келеді

Бүгін 11:53

Қазақстан әскерінде кадрлық ауыс-түйіс болды

Бүгін 11:48
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика