Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Өмір-өзен / Бақытжан Сағынтаев: Алматының инвестиция, денсаулы...

Бақытжан Сағынтаев: Алматының инвестиция, денсаулық сақтау, туризм саласындағы серіктестермен байланысты нығайту қажет

Өмір-өзен 09.07.2021, 10:19 1,724
Бақытжан Сағынтаев: Алматының инвестиция, денсаулық сақтау, туризм саласындағы серіктестермен байланысты нығайту қажет
Сурет: Almaty.tv

Алматыда негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 126,5%-ға өсті.


Алматыға инвесторларды тарту және инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңестің отырысындағы құттықтау сөзінде Бақытжан Сағынтаев қаланың инвестиция, денсаулық сақтау, туризм саласындағы серіктестермен байланысты нығайтуға шақырды, деп хабарлайды Almaty-akhamy.kz.


Мегаполистің инвестициялық тартымдылығын атап өткен Бақытжан Сағынтаев Бүкіләлемдік Банктің субұлттық рейтингінде Алматының бизнесті жүргізу бойынша Қазақстанның барлық өңірлері арасында бірінші орында тұрғанын хабарлады. Ағымдағы жылдың алғашқы 6 айының қорытындысы бойынша, Алматыда негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 126,5%-ға өсті және 460,7 млрд теңгені құрады. Сондай-ақ, өткен жылдың күзінде Fitch агенттігі Алматы қаласының BBB деңгейіндегі несиелік рейтингін бекітті және инвестициялар тарту мәселелерінде оператор болып табылатын «Алматы «ӘКК» АҚ-на ВВВ деңгейінде несиелік рейтинг берілді, бұл инвестициялар үшін тәуекелдің төмен деңгейін көрсетеді.


ЕҚДБ-ның Қазақстандағы басшысы Агрис Прейманис Кеңестің ерекше рөл атқаратынын және бірқатар өзекті мәселелерді, оның ішінде шетелдік инвесторларды салықтық және кедендік әкімгерлеу, виза беру және кіруге рұқсат ету процедураларын, тиісті инфрақұрылымды құру, жасыл экономика қағидаттарын енгізу және цифрландыру деңгейін арттыруға қатысты істерді шешуге мүмкіндік беретінін атап өтті.


Еске салсақ, жыл басында инвестициялық ахуалды жақсарту мақсатында Алматы әкімінің өкімімен Кеңестің қызметі қайта жанданды және қатысушылар құрамы жаңарды, оған шетелдік қауымдастықтардың, сауда палаталары мен қаржы ұйымдарының өкілдері енді. Кеңестің басты міндеті инвестициялық ахуал мен инвестициялық стратегияны жақсарту бойынша ұсынымдарды және ұсыныстарды өңдеу, шетелдік инвесторлардың өзекті мәселелерін шешу болып табылады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#әкім #Сағынтаев #инвестиция #Алматы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Зорлау ісімен сотталған блогер Думан Ерқанат бостандыққа шықты

Бүгін 16:57

Халықаралық тәжірибе Қазақстандағы балалар нейрохирургиясын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 16:47

Қазақстан мен Қырғызстан ТЖ саласындағы ынтымақтастықты нығайтып жатыр

Бүгін 16:23

"Діни насихатты шектеу керек". Мәдениет министрлігі Баян Алагөзованың ұсынысына пікір білдірді

Бүгін 16:19

"Айналайын, келе ғой". Абай облысында атқа мінген полицей айдаладан 3 жасар баланы тауып алған (ВИДЕО)

Бүгін 16:00
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика