Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов мәлімдегендей, Қазақстанда барлық банктер бірыңғай QR-код жүйесіне шілде айынан бастап қосылады, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.
Жаңа жүйе арқылы енді қай банктің қосымшасын қолдансаңыз да, бір ғана QR-кодпен төлем жасауға болады.
Қазір жоба іске қосылу кезеңінде:
барлық заңдық мәселелер шешілген
келісімдер жасалған
тек техникалық біріктіру жұмыстары жүріп жатыр
Ұлттық банк маусымда процесті аяқтап, шілдеде толық іске қосуды жоспарлап отыр.
Айта кетейік, базалық мөлшерлеме әзірге 18% деңгейінде сақталды. Себебі инфляция төмендегенімен, әлі де жоғары деңгейде қалып отыр.