Freedom
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Балшық үшін айыппұл: алматылық бизнесмендер жауапк...

Балшық үшін айыппұл: алматылық бизнесмендер жауапкершілікке тартылды

Әлеумет 05.12.2024, 15:21 856
Балшық үшін айыппұл: алматылық бизнесмендер жауапкершілікке тартылды
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Тазалық сақтамау: алматылық кәсіпкерлерге тиісті тазалау жұмыстарын жүргізбегені үшін айыппұл салынды

 

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Бейбіт Шаханов қыс маусымына дайындық аясында коммуналдық қызметтердің көшелер мен аулаларды тазалау жұмыстарын тексерді, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Аралау барысында магистральдық көшелерде, аулаларда, сондай-ақ коммерциялық нысандардың аумақтарында жүргізілген тазалық жұмыстары тексерілді. 

Соның нәтижесінде ғимараттарының айналасын тиісті деңгейде тазаламағаны үшін жеті коммерциялық ұйым: екі Degirmen дәмханасы, Starbucks, «Сұлтан», Bay және Nanduk дәмханалары, сондай-ақ Kimex дүкені 140 АЕК көлемінде айыппұл төлейтін болды. Жалпы 516 880 теңге айыппұл салынды.

Сонымен қатар, Медеу ауданындағы тазартылмаған аула үшін мердігер ұйымға қатысты 20 АЕК айыппұл салу жөнінде әкімшілік хаттама толтырылды. 

Айта кету керек, Тазалық апталығы аясында «Алматы Тазалық» коммуналдық кәсіпорнының қызметкерлері күшейтілген режимде жұмыс істеп, қаланы қыс мезгіліне дайындауда. Атап айтқанда, түскен жапырақтар мен қоқыстарды жинап, арық жүйелерін тазалау және аулаларды көріктендіру жұмыстары қолға алынды.

Санитарлық тазалық жұмыстары жалпы ауданы 25,1 млн шаршы метр болатын 2 318 көшені, ұзындығы 2 777 км аумақты қамтиды. Қысқы жұмыстарды тиімді атқару үшін 841 бірлік техника мен 1 400 жұмысшы жұмылдырылады. Сондай-ақ, «Алматы Тазалық» автопаркіне 32 жаңа заманауи техника қосылды.

Естеріңізге сала кетейік, биылдан бастап Алматы кәсіпкерлеріне көріктендіру төлқұжаты беріледі. Құжатқа сәйкес, олар «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында аумақтарындағы тазалықты қамтамасыз етуге міндетті. Көріктендіру төлқұжатында абаттандыру мен санитарлық тазалықты сақтау, қоқыс жәшіктерімен қамтамасыз ету, шағын сәулет нысандарының дұрыстығын қадағалау талаптары көрсетілген. Талаптарды бұзған жағдайда кәсіпкерлерге Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 505-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілік жүктеледі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #кәсіпкер #тазалық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық балуандар 12 алтын медаль алды

Бүгін 18:30

2027 жылы қазақстандық оқушылар жаңа тест тапсырады

Бүгін 17:50

Қазақстанда «Мейірімділік апталығы» басталды

Бүгін 17:23

«Жаңа ғасыр» театрына Асанәлі Әшімұлының есімі беріліп, «Үздік логотип» байқауы жарияланды

Бүгін 16:45

Алматы әкімдігінде тұрғын үйлердің қасбетін жаңарту бағдарламасы егжей-тегжейі таныстырылды

Бүгін 16:09
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика