AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Балқаш көлінде жағалауға жете алмай қалған 4 балық...

Балқаш көлінде жағалауға жете алмай қалған 4 балықшы құтқарылды

Әлеумет 12.12.2021, 14:03 1,211 Almaty-akshamy
Балқаш көлінде жағалауға жете алмай қалған 4 балықшы құтқарылды
Cурет: Қарағанды ТЖД

Құтқарушыларға балықшылар хабарласып, көмек сұраған


Балқашта балық аулап жүріп, көлдің ортасында қалып қойған балықшылар құтқарылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


12 желтоқсанға қараған түні Балқаш көлінде төрт балықшы құтқарылды.
Құтқарушыларға балықшылар хабарласып, көмек сұраған. Ер адамдар жағалауға өз күшімен жете алмайтынын айтты, өйткені жұқа мұз бен шұңқырлар және жарықтар кедергі болған.


Балықшылар өздерінің шамамен қай тұста екенін хабарлады.
Құтқару операциясын жүргізу үшін Қарағанды облысы ТЖ департаментінің құтқарушылары оқиға орнына шықты, сондай-ақ «Қазақмыс корпорациясы»ЖШС жүзу құралы тартылды.


Балықшылармен телефон байланысы үздіксіз жүргізіліп тұрды.
Таңертең балықшылар жағадан шамамен 25 км қашықтықтан табылды. Ер адамдар жағаға жеткізіліп, туыстарына табысталды. Медициналық көмекті қажет етпеді.


Құтқарушылар мұзға шығу кезінде қауіпсіздік шараларын сақтау қажеттігін ескертеді.



«Тәуліктің қараңғы уақытында мұзға шықпаңыз. Ауа райының жиі өзгеруіне байланысты облыстың су айдындарында мұз бірде қалың, бірде жұқа. Өзендер мен көлдерде мұз еріп жатыр. Мұз тез ағатын, су басатын және ағын су жүретін жерлерде, сондай-ақ су өсімдіктері өсетін аудандарда, ағаштар мен қамыстың жанында берік болмайды. Төтенше жағдай қаупі төнген немесе туындаған кезде 112 немесе 433636, 433737 телефондарына қоңырау шалыңыздар»,- деп ескертеді құтқарушылар.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#құтқару #Балықшы #ТЖД
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Кеше 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Кеше 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);