конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Өмір-өзен / Балқаш көлін сақтау бойынша арнайы жоспар әзірленд...

Балқаш көлін сақтау бойынша арнайы жоспар әзірленді

Өмір-өзен 01.07.2021, 14:38 2,839
Балқаш көлін сақтау бойынша арнайы жоспар әзірленді
Сурет: Astana.citypass.kz

2022 жылы 4 жобаны іске асыру жоспарлануда.


Балқаш көліне қауіп төніп тұрған жоқ, дейді қазақстандық экологтар. Көлді сақтау мақсатында арнайы жоспар әзірленді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Мамандардың хабарлауынша, көлдің тұрақты деңгейде сақталуына (Балтық жүйесінің 341 М белгісінен төмен емес) жыл сайын оған 12 млрд м3 су ағынының құйылуымен кепілдік беріледі. Бұл ретте ағынның 70%-ы трансшекаралық Іле өзені арқылы келеді. Гидрологиялық деректерді талдау көрсеткендей, Іле өзенінің ағысы 2001 жылдан 2020 жылға дейін 13,8 млрд м3 құрады. Көлге жыл сайын шамамен 20 млрд м3 су ағыны қүйылады, Іледен кейінгі ең ірі өзендер - Қаратал, Ақсу, Лепсі, Аягөз өзендері. 



«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, Алматы облысының әкімдігі және басқа да уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп Балқаш көлін сақтау бойынша арнайы жоспар әзірленді. Жоспарда өнеркәсіптік кәсіпорындардың зиянды төгінділерін қысқарту, Іле өзені атырауының ағындарындағы тазарту және түбін тереңдету жұмыстары, ирригациялық және дренаждық жүйелерді қайта құру және суды үнемдеу үшін Іле өзені бассейнінде гидромелиоративтік жүйелерді қайта жаңарту және суарудың заманауи технологияларын енгізу, Іле өзені ағынының ауытқуын азайту үшін Қапшағай су электр станциясыың Кербұлақ контрреттегішін салу жөніндегі іс-шаралар көзделген», – деп хабарлайды Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз-қызметі.



Бұл іс-шаралар әзірленіп жатқан су ресурстарын басқару жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде іске асырылатын болады.


Сондай-ақ, Балқаш көлінің экологиялық жай-күйін жақсарту мақсатында және Іле өзені атырауындағы балық қорларының өнімділігін қалпына келтіру және одан әрі молайту үшін 2006 жылдан бастап жыл сайын Алматы облысының әкімдігі көл атырауындағы арналарды кеңейтуді және тереңдетуді жүргізуде.


2020 жылы Балқашқа құятын арналарды механикалық тазалау және тереңдету бойынша 5 жоба іске асырылды. Биыл Іле өзені суының көлге құюын арттыру үшін 4 нысан бойынша жұмыстар жүргізілуде. 2022 жылы 4 жобаны іске асыру жоспарлануда.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Балхаш #Экология #Қазақстан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік науқан өтті

Кеше 17:38

ЮНЕСКО басшылығы қазақстандықтарды Ұлттық домбыра күнімен құттықтады

Кеше 15:12

Маңғыстау облысында Бекет ата мешітіне жолға шыққан үш адам жоғалып кеткен

Кеше 14:13

Алматыда Ұлттық домбыра күніне арналған «Домбыра – дастан» атты ауқымды мерекелік концерт өтті

Кеше 11:34

Алматының коммуналдық қызметтері нөсер жаңбырдың салдарын жедел түрде жойды

04.07.2026
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);