Балмұздақ бағасы бір жылда 33%-ға өскен

Балмұздақ бағасы бір жылда 33%-ға өскен Сурет: Inform.kz

Биыл балмұздық пен тағамдық мұз бағасы бірден 33%-ке қымбаттады.


Мұндай деректі Energyprom.kz сайты келтірген.


Биылғы қаңтар-мамыр аралығында балмұздақ пен тағамдық мұз өндірісі 19,7 мың тонна болып, бір жыл ішінде өндіріс көлемі бірден 40,3%-ке артқан.


2023 жылдың мамыр айының қорытындысы бойынша, балмұздақ бір айда 5%-ке қымбаттады.


Салыстыру үшін айта кетсек, былтыр мамырда балмұздақ бағасы 2,7%-ке ғана артқан болатын.


Өңірлер бойынша, Алматыда баға тек 1,1%-ге өссе, Түркістан облысында 19,7%-ке қымбаттады.


Балмұздақ бағасы Алматы облысы мен Астанада да айтарлықтай өскені байқалады - 18,2% және 10,9%.


Ал Жетісу, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында баға өзгермеген.


Бір жыл ішінде балмұздақ бағасы бірден 32,7%-ке қымбаттады, бұл кейінгі жылдарда тіркелген ең көп өсім. Өңірлер бойынша, Батыс Қазақстан облысында баға 79,7%-ке, Астанада 68,4%-ке, Алматыда 44,7%-ке артқан.


Баға шамалы ғана көтерілген аймақтар – Павлодар облысы (жылына 7,7%), Абай облысы (13,6%) мен Алматы қаласы (18,6%).

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:01

15:10

14:15

12:31

11:47

11:18

17:13

16:34

16:33

16:32

16:30

16:29

16:27

16:26

16:22

16:18

16:17

16:11

16:09

16:02

15:50

15:47

15:44

15:36

15:21