Баланың туу туралы куәлігін алу форматы жеңілдеді

Баланың туу туралы куәлігін алу форматы жеңілдеді Сурет: Ашық дереккөз

Азаматтық хал-актілерін жазу (АХАЖ) жүйесі бойынша бала туу туралы куәлік қызметтерін көрсету рәсімдерін енді АХАЖ-ға келмей-ақ, «электрондық үкімет» порталын немесе екінші деңгейдегі банктердің (Kaspi және Halyk банк) мобильдік қосымшаларын пайдалану арқылы алуға болады.


Бұл туралы Әділет министрі Қанат Мусин мәлім етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



«Қазір туу туралы куәлікті қалыптастыру автоматты режимде жүреді. Перзентханадан баланы туу туралы анықтама АХАЖ жүйесіне тікелей беріледі. Осыдан кейін құжат жасалып, ата-аналары баланың тууына байланысты құттықтаумен, баланың атын атауды өтінген sms- хабарлама алады. Хабарламаға жауап sms жіберілген соң, туу туралы куәлік рәсімделеді. Құжатты АХАЖ-дан қағаз түрінде немесе телефонға электрондық түрде алуға болады», - дейді министр.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

18:52

18:13

17:58

17:36

17:11

17:03

16:51

16:42

16:20

16:08

15:47

15:36

15:24

15:15

14:55

14:50

14:40

14:30

14:15

14:04

12:50

12:25

12:14

12:13

11:35