Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Баланы мектепке дайындау үшін 43 мың теңге бөлінед...

Баланы мектепке дайындау үшін 43 мың теңге бөлінеді

Әлеумет 01.08.2024, 15:08 930
Баланы мектепке дайындау үшін 43 мың теңге бөлінеді
Алматы әкімдігі

Биыл әкімдіктер мектепке 500 мыңнан астам баланы даярлауға тиісті қаражат бөлген. 

Енді әрбір білім алушыға қаржылық қолдаудың ең төменгі мөлшері белгіленді, ол ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен болмауға тиіс, деп хабарлайды aqshamnews.kz

ҚР Білім министрлігі балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова жалпыға бірдей білім беру қорындағы балаларға киім-кешек пен мектеп керек-жарақтарын сатып алуға қалай көмек көрсететінін айтты.

Спикердің айтуынша, жалпыға міндетті білім қоры жыл сайын халықтың әлеуметтік осал топтарындағы балаларға қолдау көрсетіп, оқуға қажет құралдар береді.

"Атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардан шыққан, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, сондай-ақ жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардан шыққан балаларға материалдық қолдау көрсетіледі. Жаңа оқу жылы қарсаңында төтенше жағдайға тап болған оқушылар қаржылай көмек алады.

"Оқу-ағарту министрлігі ата-аналардың карт-шоттарына ақша қаражатын аудару бөлігінде көмек көрсету тетігін жетілдіру жөнінде шаралар қабылдады. Бұл ата-аналар мен балаларға киім-кешек, мектеп керек-жарақтарын жеткізушілерді өз бетінше таңдауға мүмкіндік береді, осылайша сапасыз тауарларды алуға жол берілмейді", – деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.

Сондай-ақ, жалпыға міндетті білім беру қорының қаражатын біркелкі бөлу мәселесі шешілді. Енді әрбір білім алушыға қаржылық қолдаудың ең төменгі мөлшері белгіленді, ол ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен болмауға тиіс. Биыл бұл көрсеткіш 43 407 теңгені құрайды, яғни материалдық көмектің мөлшері осы сомадан төмен болмауы керек.

"Бүгінгі таңда ата-аналардың шоттарына 3,4 млрд теңгеден астам қаражат аударылды, 78 мыңға жуық бала қамтылды. Бұл процесс жалғасуда. Осыған байланысты, жаңа оқу жылы қарсаңында мектеп тауарларының қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында өңір әкімдіктерінен, "Атамекен" ҰКП-дан мектеп жинақтарын, мектеп формаларын және т. б. сату бойынша жәрмеңкелер, соның ішінде көшпелі жәрмеңкелер ұйымдастыруды сұраймыз",-деді ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#мектеп #дайындық #қаражат
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы әкімі Үлкен Алматы каналын қайта жаңғырту жұмыстарын тексерді

Бүгін 08:57

Елдің басым бөлігінде ауа райы қолайсыз

Бүгін 08:41

Қазақстандық блогер Ильяр Ювашевке іздеу жарияланды

Кеше 17:49

Алматыда көп әйел алуды насихаттаған азаматқа айыппұл салынды

Кеше 17:13

АҚШ-та Трамп саясатына қарсы «No Kings» шеруі өтті

Кеше 15:32
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика