Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / "Баламның жүрегі екі рет тоқтап қалды"

"Баламның жүрегі екі рет тоқтап қалды"

Әлеумет 15.06.2023, 07:33 1,354
"Баламның жүрегі екі рет тоқтап қалды"
Almaty-akshamy.kz

алматылық ана баласын аман алып қалғаны үшін Балалар жедел жәрдем дәрігерлеріне алғысын білдірді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


10 жасар Дастан таушымылдық (пион) спирттік тұнбасын сумен шатастырып ішіп қойған. Біраз уақыттан кейін баланың денсаулығы нашарлап, есінен танып қалған. Жедел жәрдем бригадасы науқасты Алматы Балалар жедел медициналық жәрдем орталығына жеткізді. Баланың жақындары оның сол тұнбаны ішкенін білмегендіктен, бала тағамнан уланған деп болжап, нақты диагноз қою қиынға соққан. Дастан бұрын ешқашан дәрі-дәрмек пен тағам аллергиясынан зардап шекпеген.




«Бізге бала III дәрежелі экзоуытты шок салдарынан өте ауыр жағдайда түсті, балада қандағы глюкозаның жоғарылауы (18 ммоль/л дейін), гипергликемия, кетоацидоз, бас ми ісінуі, жалпы интоксикация белгілері байқалды. Санасы комада болды. Қабылдау бөлімінің жағдайында науқасты көпбейінді дәрігерлер бригадасы тексеріп, шұғыл түрде клиникалық және зертханалық зерттеулер жүргізілді. Таушымылдық тұнбасымен жедел улану. Ауыр дәреже. 3-дәрежелі экзоуытты шок. Уытты энцефалопатия. Уытты гепатит. Науқас жансақтау бөліміне жатқызылды, онда оған жеке дәрігерлік және медбикелік пост тағайындалды. Жағдайының ауырлығына байланысты науқастың жүрегі екі рет тоқтап қалған. РҚТБ қызметкерлері баланы реанимациялап, жағдайын тұрақтандыруға қол жеткізді», - *дейді Алматы Балалар жәдел медициналық жәрдем орталығының токсикология бөлімінің меңгерушісі Хурметбек Тохтар*.


10 күннің ішінде Балалар жедел жәрдем дәрігерлері баланы өмірге қайтарып алды. Улану белгілері тоқтап, баланың ағзасы қалпына келді.


«10-бөлімшенің медицина қызметкерлеріне, әсіресе Хурметбек Тохтарұлына, сонымен қатар жансақтау бөлімшесінің қызметкерлеріне, әсіресе М.Г. Мақұлбеков, Т.М. Бидайбай, А.З. Риги, А. Кулимбетов, невропатолог Н.Н. Құрманбаевқа ұлым үшін алғыс білдіремін! Жанкешті еңбектің, жоғары кәсібиліктің, қайырымдылықтың, сапалы медициналық көмек көрсетуге деген ұмтылыстың арқасында ұлым аман қалды. Жүрегі екі рет тоқтап қалды, бір тәуліктен астам уақыт комада болды, жасанды тыныс алу аппаратына қосылды. Міне, енді біз еш патологиясыз дерлік үйге шыққалы жатырмыз, денсаулығымыз жақсы, барлық анализдер жақсы нәтиже берді. Кәсіби мамандарды таңдап, жұмысты жақсы ұйымдастырғаны Балалар жедел медициналық жәрдем орталығының бүкіл ұжымына көп рахмет», - *деп Дастанның анасы Орталық дәрігерлеріне шын жүректен алғысын жаудырды*.


Дәрігерлер азық-түлік қауіпсіздігі шараларын қатаң сақтауды, дәрі-дәрмек пен бала денсаулығына қауіпті заттарды олардың қолы жетпейтін жерде сақтауды сұрайды. Жаз – консерві мен маринадты дайындау маусымы, бұл кезде сірке суы және басқа қауіпті заттармен улану ықтималдығы айтарлықтай арта түседі. Дәрігерлер ата-аналардан азық-түлікті сақтауда сақ болуды сұрайды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматыжеделдәрдем #алғыс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Кеше 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Кеше 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Кеше 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Кеше 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Кеше 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика