Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Керек кеңес / Балам ақылды болсын десеңіз...

Балам ақылды болсын десеңіз...

Керек кеңес 15.10.2025, 09:20 494
Балам ақылды болсын десеңіз...
интернеттен

Қазіргі ата-ана балаларына көп үміт артады. Оларға ұрпағының тек бақытты жан болғаны аздық етеді, оған қоса өмірде жетістікке жеткен табысты адам болғанын қалайды, ол үшін бала ақылды және мақсатынан айнымайтын болуы керек.

Бірақ ата-ана бұл жағдайға ықпал ете ала ма, баланың ата-бабасынан асып туып, ақылдырақ  болып өсуіне көмектесу мүмкін бе? Мамандар  баланың интеллектуалды дамуына қатысты мына 3 кеңесті ұсынады.

Баламен бірге көбірек уақыт өткізіңіз

Психологтардың пікірінше, бұл жерде де, көп нәрсе өмірдің басқа саласындағыдай, баланың басты тәрбиешісі – ата-анаға байланысты. Біріншіден, ата-ана баланың дүниетанымына, мінез-құлқына, психологиялық ұстанымының орнығуына әсер етеді.

Ата-аналар баласына өмірлік маңызы бар «қателіктен сабақ алу» ұстанымының  қалай қалыптасатынын өздерінің үлгісімен көрсете алады. Яғни, өз кемшілігіңді мойындаған кезде жабырқамай, жаныңды жемей, жіберген қателікті мойындауға үйретеді.

Құлап қалған жерінен қайта тұрып жүгіріп кетуге болатынын көрген бала әрбір  сәтсіздікті  жаңа жетістікке қанаттандыратын трамплин деп түсінеді, бұдан кейін ол алға жылжудан, тәуекел етуден және жаңа нәрселерді үйренуден қорықпайтын болады.

Сонымен қатар, ата-ана баласымен бірге көп уақытын өткізу, онымен көбірек әңгімелесу арқылы да оның ақылды болып өсуіне көмектесе алады. Сөйлеуді дамыту, баланың сөздік қорын толықтыру – мұның бәрі көбінесе ана мен әкенің баламен қарым-қатынасына байланысты. Балаңызбен үнемі сөйлесіп, ақылдасып, оның айтқанын ықыласпен тыңдап, оны қызықтырған тақырыпты бірге талқылап, айналасымен таныстырып, қоршаған орта туралы ақпараттандырып отырсаңыз, бұл – сіздің ұрпағыңыздың интеллектуалды дамуына берген мүмкіндігіңіз.

Балаңыздың достарымен көбірек араласуына мүмкіндік беріңіз...

Балаңыздың тек қана оқу үлгеріміндегі  жетістігіне қадала бермеңіз. Әрине, егер ол ерте жасынан бастап әріп танып, есепті шемішкеше шағатын болса, бұл оның мектепте  жақсы оқуына көмектеседі, бірақ бұл интеллекттің дамуына ықпал ететін жалғыз нәрсе емес.

Шын мәнінде, баланың миының жақсы жетілуіне және оның болашақ өмірдегі табысына әлеуметтік дағдылар жақсы оқу мен санау қабілетінен кем әсер етпейді.

Адамдармен көбірек қарым-қатынас жасау қабілеті жаңа достар табуға ғана емес, сонымен қатар қоршаған әлем туралы көптеген жаңа нәрселерді біле түсуге ​​​​де көмектеседі. Яғни, бұл да ақылды болу дегенді білдіреді.

Әрине, бұл оқуға мүлдем мән бермеу керек деген сөз емес. Бірақ балаңызды мектептен кейін оқуға мәжбүрлеу немесе үй тапсырмасын орындау үшін бірнеше сағат отырғызып қою оның интеллектуалды дамуына көмектесудің жалғыз жолы емес екенін есте сақтаңыз.

Емін-еркін ойнатыңыз

Балалар ойнау арқылы да білім жинайды. Яғни, даму үшін бір нәрсеге белсенді қатысу керек. Бұл деген сансыз білім беретін қосымшалар немесе телешоуларды көру емес, ол арқылы балаңыздың ақылды болып кетпейтінін білесіз. Ақылды болу үшін оған тұрақты түрде емін-еркін ойнай алатын мүмкіндік қажет.

Барлық сезім мүшелерін қамтитын шығармашылық, қиялына ерік беретін рөлдік ойындардың көмегі өте зор. Олар баланы әртүрлі жағдайларда өзін жоғалтпауға және әртүрлі мәселелерді шешуге үйретеді. Сондықтан, сіз де балаңыздың ойнауға уақытын қалдырмай, оқу тапсырмасын шамадан тыс үйіп-төкпеуіңіз керек.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#бала #ақыл
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Дәрігер адамның жүрісі психикалық жағдайға қалай әсер ететінін түсіндірді

Кеше 17:31

Алматыда терроризмді насихаттау және жалған хабарлама үшін жауаптылық еске салынды

Кеше 17:14

Жамбыл Жабаевтың 180 жылдығына арналған салтанатты концерт өтті

Кеше 17:14

Алматыда «Жасыл болашақ» жобасы басталды

Кеше 17:11

Тоқаев Оман халқына тілектес екенін жеткізді

Кеше 16:59
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі