Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Балаларға вакцина салу үшін ата-аналарды мәжбүрлей...

Балаларға вакцина салу үшін ата-аналарды мәжбүрлейді - ФЕЙК

Әлеумет 07.09.2021, 03:18 1,231
Балаларға вакцина салу үшін ата-аналарды мәжбүрлейді - ФЕЙК
Inform.kz

Қазнетте оқушылардың ата-аналарын балаларды КВИ қарсы вакцинациялау туралы келісімге қол қоюға мәжбүрлейтіндігі туралы хабарламалар таратылуда. Оларға диаскин-тест жасауға және тұмауға қарсы егуге ақпараттандырылған келісім бланкісі беріледі екен. Оған қол қойған ата-ана баласын КВИ қарсы егуге рұқсат береді. Бұл фейк, деп хабарлайды stopfake.kz сайты.


Шын мәнінде, мұндай бланкілер қазақстандық оқушылардың ата-аналарына берілмейді. ҚР ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті бұл жағдайға қатысты пікірін білдірді.



«Диаскин тест – бұл адамның туберкулезбен ауыратындығын анықтайтын нақты тест. Ол барлық балаларға бірдей жасалмайды. Оны манту сынамасы оң нәтиже берген мектеп оқушыларына ғана жасайды. Диаскин-тест мектептерде емес, туберкулез диспансерлерінде және тек ата-аналардың келісімімен ғана жасалады. Тұмауға қарсы вакцинация да мектеп қабырғасында жүргізілмейді. Оның үстіне, бүгінгі күні Қазақстанда да, әлемде де бір уақытта тұмаудан да, КВИ-ден де қорғайтын поливакциналар жоқ», – деп мәлімдеді ведомствоның ресми өкілі Ержан Байтанаев.



Демек, ата-аналарды балаларды егуге келісімге қол қоюға мәжбүрлейтіні туралы ақпарат фейк. Елімізде диаскин-тест те, тұмауға қарсы вакцинация да мектептерде жүргізілмейді.


Балаларды КВИ-ге қарсы егу туралы ақпарат бұған дейін де тараған. Біз COVID-19-ға қарсы екпені манту деп салады, мектеп асханаларында айран мен йогуртқа қосады, тіпті балалардың мұрнына спрей түрінде себеді деген қауесеттерді жоққа шығарған болатынбыз.





Телеграм арнаға жазылыңыз
#фейк #Ақпарат #балалар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«BIR TOLQYNDA» диалог алаңының қатысушылары жаңа Конституцияны қолдады

Бүгін 18:32

Өнер өкілдері жаңа Конституцияны қолдайтынын білдірді

Бүгін 18:29

Алматы депутаттары нақтыланған бюджетті қолдады

Бүгін 17:45

Антиқоғамдық әрекеттер жасалған: Алматыда түнгі клуб жабылды

Бүгін 17:42

Өмірді жинақтаушы сақтандыру: ол қалай жұмыс істейді және не үшін қажет?

Бүгін 17:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.