Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Балаларға қуаныш сыйла!

Балаларға қуаныш сыйла!

Барлығы 03.06.2025, 17:04 518
Балаларға қуаныш сыйла!
Сурет: Самат Құсайынов

Aport Mall East ойын-сауық орталығында балаларға арналған жан жылуына толы ерекше шара өтті.

«Балаларға қуаныш сыйла» атты қайырымдылық жобасы аясында өмірлік қиын жағдайға тап болған бүлдіршіндерге арналған іс-шараны Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесі ұйымдастырды. Мақсат – тағдыр тауқыметін ерте сезінген балалардың жүзінде шаттық күлкі ойнатып, оларға мейірім мен қамқорлықты сезіндіру. 

Мерекелік кешке Алматы қаласындағы Балаларды қолдау орталығының 48 тәрбиеленушісі қатысты. Балалар үшін бұл күн ерекше есте қаларлықтай болары сөзсіз. Тәттілер мен шырыннан дәм татып, балмұздақ жеп шат-шадыман күй кешкен бүлдіршіндер одан кейін «Halyk IMAX Kinopark 16» кинотеатрында қызықты мультфильм тамашалады. 

– Біздің мақсат – балаларға қуаныш сыйлау. Ассамблея жанындағы Аналар кеңесі әрдайым осындай игі істерге бастамашы болып келеді. Бұл біздің дәстүрлі шарамыз. Балаларға тәттілер, балмұздақ, чипсы, бургерлер тараттық. Киносеанстан кейін де арнайы ас мәзіріміз бар, – дейді Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының өкілі, Аналар кеңесінің кураторы Балажан Ардабаева.

Оның айтуынша, Аналар кеңесі «Чужих детей не бывает» жобасы аясында да түрлі әлеуметтік мекемелермен, балалар үйімен байланыста жұмыс істеп келеді. Бүгінгі шараға кинотеатр басшылығы демеушілік жасап, балалар үшін есігін айқара ашты.

Балалармен бірге келген №1 арнайы әлеуметтік қызметтер көрсететін мемлекеттік орталықтың педагог-психологы Бостангүл Садирова мұндай шаралардың тәрбиелік әрі психологиялық маңызы зор екенін айтты:

– Бүгін балалар үшін нағыз мереке болды. Каникул уақыты басталған соң, лагерь аясында оларды сергітіп, қуантқымыз келді. Бізге жыл сайын Аналар кеңесі қолдау білдіреді. Кинотеатрға апарып, дастарқан жайып, балғындарға қуаныш сыйлау – үлкен қайырымдылық. Біздің орталықта түрлі статустағы балалар бар – жетімдер, ата-анасының қамқорлығынсыз қалғандар, немесе отбасында қиын жағдайға тап болғандар. Балалар осында шамамен 6 айдай тұрады. Кейін олардың тағдыры сот арқылы шешіледі. Орталық тәулік бойы жұмыс істейді, балаларды бізге негізінен полиция мен қамқоршылық органдары алып келеді, – деді ол.

Бұл шара – тек балаларды қуантудың ғана емес, қоғамдағы жауапкершілік пен жанашырлықты арттырудың да көрінісі. Ата-ананың қамқорлығынсыз немесе қиын жағдайға тап болған баланың әр күні – сынақ. Ал осындай күндері оларға мейірім мен қамқорлықты сезіндіру – нағыз азаматтық ұстаным. «Балаларға қуаныш сыйла» жобасы – жүрекке жылу сыйлаған бастама ретінде есте қалары сөзсіз.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#балалар #қуаныш #ерекше шара
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда жүргізушілерге жасырын патруль арқылы айыппұл салынуы мүмкін

Бүгін 14:34

Ұлттық ұланда «BOOKGUARD» әдебичелленджі басталды

Бүгін 13:30

Қазақстандық ағайынды Кенжеғұловтар Аустрия Кубогында топ жарды

Бүгін 12:29

Тәртіп пен тәрбие басты назарда: Қорғаныс министрінің орынбасары Гвардейск гарнизонында тәрбие жұмысының басым бағыттарын айқындады

Бүгін 12:22

Алматыда заң жағынан тегін көмек ұсынатын жоба іске қосылады

Бүгін 12:20
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика