конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Керек кеңес / Балалардың тамақтануына ерекше назар аудару қажет

Балалардың тамақтануына ерекше назар аудару қажет

Керек кеңес 18.03.2026, 11:38 15
Балалардың тамақтануына ерекше назар аудару қажет
aqshamnews.kz

Қазіргі таңда күнделікті тұтынатын көптеген дайын тағамдар мен сусындардың құрамында қант, тұз және транс майлары шамадан тыс кездеседі. Мамандар мұндай өнімдерді тұрақты әрі көп мөлшерде тұтыну денсаулыққа кері әсер етіп, бірқатар созылмалы аурулардың даму қаупін арттыратынын ескертеді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Қанттың шамадан тыс тұтынылуы артық салмақ жинауға, семіздікке және тіс жегісінің пайда болуына ықпал етеді. Әсіресе газдалған және энергетикалық сусындарда, кондитерлік өнімдерде, тәтті йогурттарда, дайын таңғы астарда және түрлі соустарда қант мөлшері жоғары болуы мүмкін. Сондықтан өнім сатып аларда оның құрамына назар аударып, қосылған қант мөлшерін тексерген жөн.

Тұзды шамадан тыс пайдалану да ағзаға айтарлықтай салмақ түсіреді. Натрийдің көп мөлшері қан қысымының жоғарылауына ықпал етіп, жүрек-қан тамырлары ауруларының қаупін арттырады. Тұз тек үйде дайындалған тағамға қосылатын мөлшермен шектелмейді. Оның едәуір бөлігі шұжық, жартылай фабрикаттар, чипсы, тұздықтар, консервілер және фастфуд сияқты дайын өнімдердің құрамында болады.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ересек адамға тәулігіне 5 грамнан аз тұз тұтынуды ұсынады. Ал бос қант мөлшерін тәуліктік энергия тұтынудың 10 пайызынан төмен деңгейде ұстау, мүмкіндігінше 5 пайызға дейін азайту денсаулыққа қосымша пайда береді.

Транс майлар да денсаулық үшін қауіпті компоненттердің бірі саналады. Олар көбіне өнеркәсіптік жолмен дайындалған кондитерлік өнімдерде, фастфудта, кейбір маргариндерде, кремдерде және қуырылған тағамдарда кездесуі мүмкін. Өнеркәсіптік транс майларды тұтыну қандағы «жаман» холестерин деңгейін жоғарылатып, «жақсы» холестеринді төмендетеді және жүрек-қан тамырлары ауруларының қаупін арттырады.

Денсаулыққа төнетін қауіпті азайту үшін бірнеше қарапайым қағиданы ұстанған жөн:

  • азық-түлік сатып алғанда өнімнің құрамын және тағамдық құндылығын мұқият оқу;

  • қант пен тұзы көп дайын өнімдерді шектеу;

  • тәтті газдалған сусындардың орнына су таңдауға тырысу;

  • фастфуд, чипсы, кондитерлік және терең майда қуырылған өнімдерді жиі тұтынбау;

  • көкөніс, жеміс-жидек, дәнді дақылдар мен басқа да аз өңделген өнімдерге басымдық беру;

  • тағам дайындау кезінде тұзды мөлшерден артық қоспау.

Балалардың тамақтануына ерекше назар аудару қажет. Тәттілерді, тұзды тіскебасарларды және фастфудты шамадан тыс тұтыну дұрыс тамақтану дағдысының қалыптасуына кедергі келтіруі мүмкін. Сондықтан пайдалы тағамды таңдау мәдениетін отбасында ерте жастан қалыптастырған маңызды.

Қант, тұз және транс майларынан толық бас тарту міндетті емес. Ең бастысы – олардың мөлшерін бақылап, күнделікті ас мәзірінде табиғи әрі аз өңделген тағамдарға басымдық беру. Өнімнің заттаңбасын мұқият оқу және саналы таңдау жасау – денсаулықты сақтаудың қарапайым әрі тиімді жолдарының бірі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#балалар #тағам #денсаулық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Үшкемпіров көшесінің аумағында орташа жөндеу жұмыстары жалғасуда

Бүгін 12:44

Қазақстанда құрылыс жұмыстарының көлемі 15,3%-ға өсті

Бүгін 12:20

Сандардағы Таза Қазақстан: көрінетін нәтижелер

Бүгін 12:17

Мақсат – тыйым салу емес, денсаулықты қорғау

Бүгін 12:16

Балаға жарнама қалай әсер етеді?

Бүгін 12:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);