AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Балалардың құқықтық танымы - құқықтық қоғам болаша...

Балалардың құқықтық танымы - құқықтық қоғам болашағы 

Заң мен тəртіп 23.05.2025, 14:12 834 Аяжан Серікқызы
Балалардың құқықтық танымы - құқықтық қоғам болашағы 
Қайрат Қонысбаев

"Заң және тәртіп" қағидатының қоғамда тереңдей орнығуы, әсіресе келешек ұрпақтың өмірсалтына айналуы "Әділетті Қазақстанның" шынайы келбетін түзеді. Сондықтан да биыл 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында балалар құқығы мәселесіне баса назар аударылып отыр, - деп хабарлайды aqshamnews.kz. 

Бүгін Алматыдағы №130 гимназияда балалардың құқықтық мәдениетін арттыруға бағытталған іс-шара да осы мақсатты көздеген болатын. Аталған білім беру мекемесінде ювеналды полиция өкілдерінің қатысуымен "Құқықтық тәртіп" атты ағартушылық іс-шара ұйымдастырылды. Балалардың құқықтық сауаттылығын арттыруды мақсат еткен бұл кездесу мектеп оқушылары, мұғалімдер үшін пайдалы әрі мағыналы жиын болды. 
Іс-шара барысында ювеналды полиция инспекторлары оқушылармен ашық сұхбат құрып, балалардың сұрақтарына нақты жауаптар берді. Сонымен қатар балаларға қоғамдық тәртіп ережелері, құқықтық нормалар және жауапты мінез-құлық негіздері түсіндірілді. Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу жолдары қарастырылып, нақты жағдайларды мысалға ала отырып құқықтық кеңес берілді.

"1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні екені баршамызға белгілі. Бұл – жаздың алғашқы күндеріндегі ерекше мейрамдардың бірі. Осыған орай, 21 мамырдан бастап қаламызда кең ауқымды іс-шаралар өткізіліп жатыр. Бүгін – сол шаралардың үшінші күні. Бұл күн "Құқықтық тәртіп" күні деп аталады. Өткізіліп жатқан барлық іс-шаралардың басты мақсаты – әрбір бала өзіне қауіпсіз, тыңдалған және маңызды сезінетін орта қалыптастыру. Ал бүгінгі күннің "құқықтық тәртіп" тақырыбын таңдауы да тегін емес. Бұл қоғамға балалардың құқықтарын қорғауда полиция қызметінің маңызды рөлін еске салу. Бүгін біз Алматы қалалық полиция департаментімен бірлесе отырып, мектеп оқушыларына арналған ағартушылық шара өткізіп жатырмыз. Бұл – құқықтық мәдениетті қалыптастыру жолындағы маңызды қадам", - деді №130 гимназия директоры Әлия Қасқырбаева. 

"Жаңа оқу жылы басталғалы бері біз түрлі профилактикалық іс-шаралар өткізіп келеміз. Мысалы, "Қауіпсіз жол", "Түнгі қаладағы балалар", "Каникул" және "Жасөспірім" атты тақырыптық шаралар тұрақты түрде ұйымдастырылады. Сонымен қатар, ювеналды полиция қызметкерлері күнделікті мектептерде оқушылармен алдын алу бағытындағы әңгімелер өткізеді. Қазіргі таңда елімізде республикалық деңгейдегі жедел-профилактикалық іс-шаралар өтіп жатыр. Оның басты мақсаты – балалардың құқықтарын қорғау, олардың арасында құқықбұзушылықтың алдын алу және құқықтық сауаттылықты арттыру. Заңды білу – өзіңді қорғау. Ал құқықтық тәртіп – әділетті қоғамның негізі", - деді учаскелік инспектор, ювеналды полиция қызметкері Айгерім Мақсатқызы. 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#мектеп #заң #Тәртіп #полиция #шара
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда 2029 жылға дейінгі «Digital Qazaqstan» Жалпыұлттық стратегиясы қабылданды

Бүгін 19:12

Алматылықтар 36 литрден астам қан тапсырды

Бүгін 18:39

Алматы түркі әлемін біріктіреді: Түркияның жастар делегациясы оңтүстік астанаға келді

Бүгін 18:34

Алматы мәслихатының депутаттары 2025 жылғы бюджеттің атқарылуын қарап, 2026–2028 жылдарға арналған бюджетті нақтылауды қолдады

Бүгін 18:30

Алматыда ірі инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалар жүзеге асырылып келеді

Бүгін 17:57
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);