Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Балалардың білім алуына барынша жағдай жасалады

Балалардың білім алуына барынша жағдай жасалады

Білім және ғылым 18.08.2023, 10:48 1,299
Балалардың білім алуына барынша жағдай жасалады
Сурет: ашық дереккөз

1 қыркүйектен бастап бастауыш сыныптағы барлық оқушыға тегін ыстық тамақ беріледі.


Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Мемлекет басшысына жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары туралы баяндау кезінде айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 



«Қазір мектеп алдындағы даярлыққа байланысты тиісті жұмыстар іске асырылып жатыр. Бірінші кезекте тәрбиешілердің еңбекақысы 30 пайызға көтеріліп жатыр. 1 қыркүйектен бастап балабақшаға баратын аз қамтылған отбасылардағы 97 мыңнан астам бала тегін тамақпен қамтамасыз етіледі. Балабақшада 30 мың орын ашылып отыр және жылдың аяғына дейін тағы да 51 мың орын ашу жоспарланған. Қазіргі кезде балалардың 89 пайызы (2-ден 6 жасқа дейінгі) қамтылған. Сонымен қатар жылдың соңына дейін кезектілік мәселесі бойынша бірыңғай база іске қосылады», - деді Ғ. Бейсембаев.



Оның айтуынша, жергілікті бюджет қаражаты есебінен аз қамтылған отбасылардағы оқушылар 100% мектеп формасымен және кеңсе тауарларымен қамтамасыз етіледі. Биыл жалпыға бірдей білім беру қоры 65 млрд теңгеден астам соманы құрады. Осы орайда 460 мың оқушыға материалдық көмек беру жоспарланған.



«1 қыркүйектен бастап 1,4 млн бала (бастауыш сыныптардағы) тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі. 1 қыркүйекке дейін барлық білім беру мекемесі жедел басқару орталығына, лицензияланған күзетке, дабыл жүйесіне қосылуы мәселесі толыққанды жүйелі түрде шешіліп отыр. Мектептердің 65 пайызы модернизациядан өтті. Осыған дейін 1 мың пәндік кабинеттер ашу жоспарланса, оның орнына 1700 кабинет ашылады», - деді министр.



Оның сөзіне қарағанда, жыл соңына дейін 154 мектеп пайдалануға беріледі. Мұнымен қоса, 260 мектепте күрделі жөндеумен қамтылған. Соның арасында 194-і жаңа оқу жылына дейін тапсырылады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#білім #мектеп #балабақша #даярлық #жаңа оқу жылы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жыр алыбы - Жамбыл туралы жеті дерек

Бүгін 20:37

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Михаил Шайдоровты Олимпиада ойындарындағы тарихи жетістігімен құттықтады

Бүгін 17:46

Тоқаев шұғыл шаралар жоспарын әзірлеуді тапсырды

Бүгін 16:51

Қазақстанда сирек кездесетін ауруларға бөлінетін қаржы 23 есе артты

Бүгін 16:25

Бас прокуратура ескерту жасады: интернет-алаяқтар deepfake арқылы алдауға көшкен

Бүгін 15:23
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі