Freedom
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Балаларды ауыр сөмкеден арылту қажет - Премьер-Мин...

Балаларды ауыр сөмкеден арылту қажет - Премьер-Министр

Әлеумет 03.10.2022, 04:21 1,249
Балаларды ауыр сөмкеден арылту қажет - Премьер-Министр
Сурет: Egemen.kz

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов осы мәселені тапсырды.


Үкімет үйінде өткен кеңес барысында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыру жөнінде тапсырмалар берді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Премьер-Министр Мемлекет басшысы Реформалар жөніндегі Жоғары кеңестің отырысында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасының негізгі тәсілдерін мақұлдағанын, оның шеңберінде 800 мың оқушыға арналған жаңа форматтағы мектептер салу жоспарланғанын еске салды.



«Ұлттық жобаны іске асыруға жедел кірісуіміз керек. Алайда бүгінде өңірлердегі 143 мектептің жер учаскелерін анықтау бойынша мәселелер шешілмеген. Бұл жұмысты барынша тездету қажет: қазан айының соңына дейін құрылысы 2023 жылы және жыл соңына дейін 2024 жылға жоспарланған мектептер бойынша мәселені шешу керек», - деді Әлихан Смайылов.



Сондай-ақ ол оқу процесін цифрландыруды тездету қажеттігін атап өтті.



«Осыған байланысты оқулықтарды цифрлық форматқа көшіруді жеделдету және балаларды ауыр сөмкелерден арылту қажет. Әкімдіктермен бірлесіп, оқушыларды планшеттермен қамтамасыз ету мәселесін шешуді қолға алу керек. Атап айтқанда, “Қазақстан халқына” қорымен бірлесіп, оларды ауылдық мектептердің балалары үшін сатып алу мүмкіндігін пысықтау керек», - деп атап өтті Әлихан Смайылов.



Кеңес соңында ол Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне байланыс операторларымен бірлесіп, еліміздің барлық мектебін сапалы, жылдамдығы жоғары интернетпен қамтамасыз етуді тапсырды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#балалар #Жайлы мектеп #Үкімет басшысы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Енді пәтерге тіркеуге шектеу енгізілуі мүмкін

Бүгін 17:52

Орташа жылдамдықты қадағалау жүйесі көбейеді

Бүгін 17:20

«Информбюроға» 30 жыл! Көрерменмен қайта жүздесу

Бүгін 16:42

Алматыда арықтан ер адамның мәйіті табылды

Бүгін 16:35

КешYOU-дің концертіне Мөлдір неге қатыспайды?

Бүгін 16:19
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика