AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Балаларды 1-сыныпқа қабылдауға 320 мыңға жуық өтін...

Балаларды 1-сыныпқа қабылдауға 320 мыңға жуық өтініш түсті

Білім және ғылым 02.07.2022, 10:00 1,689
Балаларды 1-сыныпқа қабылдауға 320 мыңға жуық өтініш түсті
Сурет: Kaztengrinews.kz

Үш айдың ішінде республика бойынша балаларды 1-сыныпқа қабылдауға 320 мыңға жуық өтініш түскен. Оның ішінде балалардың 70%-ке жуығы мемлекеттік тілде оқуды таңдады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Almaty.tv-ге сілтеме жасап.



"Ата-аналарға құжаттарды тезірек тапсыруға кеңес береміз, өйткені қабылдау 1 тамызда аяқталады. Содан кейін мектептерде оқу-тәрбие үрдісін сапалы жоспарлау мен ұйымдастыру, оқулық тарату, сыныптарды қалыптастыру және басқа да ұйымдастыру жұмыстары басталады. Құжат қабылдау басталғанына үш ай өтті және осы уақыт ішінде 320 мыңға жуық өтініш түсті. Оның 82%-ы электронды форматта қабылданды", - деді оқу-ағарту министрлігі мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрағасы Гүлмира Кәрімова.



Мемлекеттік тілде білім алғысы келетіндердің үлесі 70%-ке жуықтаған. Қазақ тілінде оқытатын сыныптарға қабылдау бойынша ең жоғары көрсеткіш Қызылорда (92,4%), Түркістан (89%) және Маңғыстау (87,1%) облыстарында тіркелді.


Оқу-ағарту министрлігі жаңа оқу жылында 400 мыңнан аса бүлдіршін 1-сыныпқа барады деп болжап отыр.


Айта кетері, бірінші сыныпқа құжат қабылдау 1 сәуірде басталды. Ол 1 тамызға дейін жалғасады. Ата-аналарға ыңғайлы болу үшін құжаттар egov.kz веб-порталы арқылы қабылданады. Сондай-ақ құжаттарды дәстүрлі қағаз форматында да тапсыруға болады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#балалар #мектеп #қабылдау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);