AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Балалар колониясының ұстаздары “Отан патриоты” мед...

Балалар колониясының ұстаздары “Отан патриоты” медалімен марапатталды

Заң мен тəртіп 04.10.2024, 14:45 1,272 dulatbekova
Балалар колониясының ұстаздары “Отан патриоты” медалімен марапатталды
Сурет: Polisia.kz

Алматыда балалар колониясының ұстаздары “Отан патриоты” медалімен марапатталды. 

Алматыдағы балалар колониясында 49 бала мекеме ішіндегі жалпы білім беретін орта мектепте білім алады, деп хабарлайды aqshamnews.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Бүгін аталған колонияда Мұғалімдер күніне арналған салтанатты іс-шара ұйымдастырылып, мұғалімдер департамент басшылығының алғыс хатына ие болса. Ардагерлер кеңесінің төрағасы Е.Сағалбаев №3 мектеп директоры З.Атеноваға, мектеп директорының орынбасарлары, тәжірибелі ұстаздар Л.Алмазова мен А. Алиеваға “Отан патриоты” медалін табыстады. Алаңсыз асыр салатын кездерінде көздері жәудіреп темір торда жүрген балалардың жанашыры бола білген Айзада Алиева балалар колониясында 20 жылға жуық қазақ тілі мен әдебиетінен сабақ береді. 

– Мен мұғалім ғана емес, ең алдымен анамын ғой. Ал ана жүрегі қашанда балаға деген бал сезімге бай. Жазалы балаларды жабырқатпай, қайта қателіктерін қайталамауға үгіттеймін. Оларға әдеби кейіпкерлердің жетістіктері мен жарқын өмірлерін мысал етіп оқытамын, – дейді ұлағатты ұстаз Айзада Алиева. 

Балалардың сабақты жақсы оқып, тезірек кесімді жазаларын өтеп, болашақта мықты маман болуларына барымызды саламыз. Өзің оқытқан баланың темір тордан босап, еркіндікке шыққанын көргенде шын көңілден қуанасың. Болашақта қанаты қайырылмаса екен деген тілекпен шығарып саласың Ұстаздарға арналған салтанатты жиын соңы оқушылардың өз күштерімен дайындаған концерттік бағдарламаға ұласты.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Отан патриоты #балалар колониясы #ұстаздар #Марапат
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Енді елімізде электрсамокат айдау үшін жүргізуші куәлігі міндеттелмек

Бүгін 17:53

Алматыда көлік жобасы үшін жер телімінің бір бөлігі мемлекетке беріледі

Бүгін 16:57

Алматыда Рысқұлов көшесін ұзарту үшін жер телімдері мемлекет қажетіне алынады

Бүгін 16:52

Шекарашы сарбаздар ант қабылдады

Бүгін 16:36

Жамбыл облысында кене шаққан ер адам қауіпті безгектен қайтыс болды

Бүгін 15:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);