AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Балалар БҰҰ-ға тікелей шағымдана алады

Балалар БҰҰ-ға тікелей шағымдана алады

Заң мен тəртіп 08.02.2023, 09:55 1,189 Almaty-akshamy.kz. 
Балалар БҰҰ-ға тікелей шағымдана алады
Сурет: ҚР СІМ баспасөз қызметі

Қазақстандық балалар БҰҰ-ға тікелей шағымдана алады.


Нью-Йорктегі Біріккен Ұлттар Ұйымының штаб-пәтерінде Қазақстан Республикасының БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілі Ақан Рахметуллин Қазақстан атынан Бала құқықтары туралы конвенцияға хабарлар рәсіміне қатысты факультативтік хаттамаға қол қойды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Қазақстан БҰҰ Бас Ассамблеясы 2011 жылғы желтоқсанда қабылдаған және 2012 жылғы 28 ақпанда қол қою үшін ашылған осы адам құқықтары саласындағы маңызды халықаралық шартқа қол қойған 53-ші мемлекет болды.


Құжат БҰҰ-ның Бала құқықтары жөніндегі комитетіне (бала құқықтары саласындағы 18 тәуелсіз сарапшылар тобы) БҰҰ-ның бала құқықтары бойынша үш негізгі құжатпен (Бала құқықтары туралы конвенция және оның екі Факультативтік хаттамасы – балаларды қарулы қақтығыстарға тарту және балаларды сату, балалар жезөкшелігі және балалар порнографиясы туралы) көзделген бала құқықтарының бұзылуы туралы шағымдарды қабылдау және қарау өкілеттігін береді.




3-ші Факультативтік хаттамаға сәйкес, балалар немесе олардың өкілдері БҰҰ-ның Бала құқықтары жөніндегі комитетіне өз құқықтарының бұзылуы туралы тікелей шағым бере алады. Комитет, өз кезегінде, әрбір істі қарап, қатысушы мемлекеттерге нақты ұсыныстар баяндалған шешімдер қабылдайды.


Бұл құжатқа қол қою Қазақстанның бала құқықтарын қамтамасыз етуге және балаларды құқықтық қорғаудың ұлттық тетіктерін нығайтуға бейілділігін растайды.


Құжат Қазақстан Республикасы үшін оны Парламент ратификациялағаннан кейін күшіне енеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Балалар құқығы #БҰҰ #құжат
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Бас прокуратура халықаралық бизнеспен әріптестікті нығайтуда

Бүгін 10:26

Солтүстік Қазақстанда құтыру ошағы анықталып, елді мекенде карантин енгізілді

Бүгін 10:19

Елімізде жыл басынан бері 900-ден астам заңсыз қару тәркіленді

Бүгін 09:59

Алматы курорттарына шамамен 3 млн адам келген

Бүгін 08:56

Еліміздің басым бөлігіне дауылды ескерту жарияланды

Бүгін 08:42
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);