Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Балалар арасындағы гаджетке тәуелділік емделе ме?

Балалар арасындағы гаджетке тәуелділік емделе ме?

Медицина 14.07.2023, 03:00 1,519
Балалар арасындағы гаджетке тәуелділік емделе ме?
Сурет: Halyq-uni.kz

Балалардың тгаджеттерге тәуелділігі дәрігер мамандарды алаңдатып отыр. 


Ертеңнен кешке дейін гаджетпен отыратын балалардың сөйлеу қабілеті төмендейді. Ойлау деңгейі нашарлайды. Қоршаған ортамен қарым-қатынасы азаяды. Қазір 4-5 жастағы бүлдіршіндердің арасында гаджетке тәуелділік бар, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап. 


Сондықтан, дәрігерлер балаларды одан тез арада ажыратып алмаса, соңы жақсылыққа апармайды, деп отыр.


Гаджетке тәуелділік емделеді. Ең бастысы, балаға оның зиян екенін айтып, көзін жеткізу керек. Ал дер кезінде бұл проблеманы қолға алмаса, денсаулығын қайта қалпына келтіру мүмкін болмай қалады.


 Алматыдағы психикалық сауықтыру орталығының мамандары осылай дейді. Дәрігердің айтуынша, біріншіден, балаға гаджеттен ата-анасы маңызды болуы керек. Яғни ата-ана баласын өзіне қарата білуі керек. Ұрпағының психикасының дұрыс болуы алдымен солардың міндеті.



«Біз келісуіміз керек баламен. Қазіргі баланы алдаудың керегі жоқ. Баланы алдасаңыз, ол керісінше сіз бермеген мәліметіңізді даладан немесе ғаламтордан тауып алады. Сондықтан, баламен біз ашық сөйлесіп келісімшартқа отыруымыз керек», - дейді психикалық денсаулық орталығының директоры Сапар Рахманшеев.



 Психикалық денсаулық орталығы қалалық білім басқармасымен бірге 3 мыңнан аса оқушыға сауалнама жүргізді. Қазір мамандар сараптама жасап жатыр. Соның нәтижесінде балаларды гаджеттен ажыратып алу жолдарын қарасатырады.



«Ата-ана мен бала арасындағы келіспеушілікке  осы телефон себеп. Адам кінәні алдымен өзінен іздеуі керек. Гажетті алып берген, интернетті қосқан, оған қоса  қадағалауды азайтқан баланың әке-шешесінің өзі емес па? Яғни, барлық жағдайды жасап қояды. Гаджетке тәуелділік деген диагноз жоқ әрине. Бірақ білесіз бе, дұрыс ұйықтамау, дұрыс тамақтанбау, қозғалыстың жоқтығы денсаулыққа нұқсан келтіреді. Соңы созылмалы ауруларға апарады.   Балалар гаджетті білім алу үшін ғана қолдануы тиіс. Соның өзінде 7 жастан 12 жасқа дейін», - дейді психиатр дәрігер София Әбділдаева.



1 сағат қолдануы керек. Ал 12 жастан 18 жасқа дейін 2 сағат ұстағаны жөн. Дәрігер кеңесі осындай. Сонда ғана өздігінен ойлау қабілеті  дамып, қызығушылығы оянады.



«7-8 айлық баланы көрдім. Алдына, подставкаға қойып балаға телефон беріп қойған. Ана бала жыламаса болды. Мамасы,папасы өздерімен өздері. Бала бір сағат телефоннан көзін алмады. Енді бұл деген сұмдық нәрсе ғой», - дейді қала тұрғыны Зураш Нұрғисақызы.


«Бала телефонға қарағаннан кейін, оның миы дамымай қалады ғой. Бір сөзбен айтқан кезде бір точка қарап отырса, баланың миы жұмыс жасамайды», - дейді қала тұрғыны Іңкәр Сотсиялхан.



 Телефонның экраны өте кішкентай. Әсіресе, одан ойындар өте ұсақ көрінеді. Миға үнемі салмақ түсіп тұратындықтан, демалып үлгермейді. Қазір психикалық денсаулық орталығында 2 жарым мыңға жуық бала мен жасөспірім тіркеуде тұр. Жиі кездесетін диагноз аутизм мен шизофрения. 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#гаджет #зияны #балалар #тәуелділік
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қысқы Паралимпиада қатысушылары Алматыдағы матчтің құрметті меймандары болды

Бүгін 21:54

Алматының коммуналдық қызметтері «Қайрат – Астана» матчінде тазалықты қамтамасыз етті

Бүгін 21:22

Алматыда «Қайрат» – «Астана» матчінен кейін жанкүйерлер еріктілермен бірге стадионды тазалады

Бүгін 21:05

Ұзақ күткен матч: Алматыда “Қайрат” пен “Астана” кездесіп жатыр

Бүгін 20:15

Қазақстанда базар азайып барады

Бүгін 17:26
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика