Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Балағат сөз айтып, бәлеге қалғандар жауапкершілікк...

Балағат сөз айтып, бәлеге қалғандар жауапкершілікке тартылды

Заң мен тəртіп 17.02.2023, 05:17 1,227
Балағат сөз айтып, бәлеге қалғандар жауапкершілікке тартылды
Сурет: Qazaly.kz

Заңсыз такси жүргізушісіне адамдарға тиісіп, балағат сөздер айтқаны үшін айыппұл салынды.


Жыл басынан бері көлік полицейлері елдегі әуе және теміржол көлігі объектілерінде түрлі әкімшілік құқықбұзушылықтар жасағаны үшін 6 421 азаматты жауапкершілікке тартты. Соның ішінде қоғамдық орындарда тиіскені үшін 387 тұлға, оның 101-і - заңсыз такси жүргізушісі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.


Мәселен, 14 ақпанда Астана станциясындағы желілік полиция басқармасына Қостанай – Алматы-1 бағытындағы пойыз жолаушысы шағымданды. Оның айтуынша, елорданың теміржол вокзалынан шыға берісінде такси жүргізушілері мазасын алып тиіскен, ескертулерге құлақ аспаған, сондай-ақ балағат сөздер айтқан.


Тексеру кезінде полицейлер 45, 48, 50 және 51 жастағы жеті азаматты анықтады, олардың біреуі бұған дейін адамдардың мазасын алып, тиіскені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Оған ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабы 2-бөлігі бойынша 10 айлық есептік көрсеткіш (34 500 тг) мөлшерінде айыппұл салынды. 6 құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.


Сонымен қатар, 45 жастағы ер адам ұсақ бұзақылық жасағаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы 1-бөлігі бойынша жауапкершілікке тартылып, оған 5 АЕК (17 250 тг) мөлшерінде айыппұл салынды.


Естеріңізге сала кетейік, қоғамдық орындарда тиісу бойынша әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін аталған факті қайталанған жағдайда 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға немесе 5 тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алуға, ал ұсақ бұзақылық 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға не 10 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға алуға әкеп соғады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Балағат сөз #жауапкершілік #такси жүргізушісі
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы мемлекеттік бизнес колледжінің еріктілері «Аяла» орталығында қайырымдылық акциясын өткізді

Бүгін 21:18

«Орталық Азия мұраты» монографиясы жарық көрді

Бүгін 18:31

Қазақстан прокатына «Пряники для её отца, моего прадеда, её деда» деректі фильмі шығады

Бүгін 18:14

Алмаша Аренова: Қазақстан мен Орталық Азияның стратегиялық әріптестігі жаңа жаһандық жағдайда айрықша мәнге ие

Бүгін 18:10

Қазақстанда балалар күніне 130 минут TikTok көреді

Бүгін 18:04
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі