Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Балалар жылы / «Bala Qorgau» интернет-ресурсы іске қосылды

«Bala Qorgau» интернет-ресурсы іске қосылды

Балалар жылы 18.05.2022, 06:02 1,819
«Bala Qorgau» интернет-ресурсы іске қосылды
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Балалар жылы аясында «Bala Qorgau» интернет-ресурсы іске қосылды.


Енді мектептерде QR-коды және «Bala Qorgau» сайтының https://bala.gov.kz мекенжайы жазылған арнайы тақтайшалар орнатылып жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz БҒМ сайтына сілтеме жасап.


QR-кодты сканерлеу арқылы оқушылар «Bala Qorgau» сайтына өтіп, өз сұрақтарын қоя алады. Оқушылар мен ата-аналар да жасырын түрде көмек сұрап, білім беру ұйымдарындағы заңсыз әрекеттер туралы хабарлай алады. Өтініш берушілердің аноним болып қалатынына кепілдік беріледі.


Бүгінгі күнге дейін Нұр-Сұлтан мен Алматының бірнеше мектебінде QR-тақтайшалар орнатылды. Алдағы уақытта олар басқа да білім беру ұйымдарында орнатылады. Қазірдің өзінде 100-ден астам өтініш түсті, олар негізінен балалар мен ата-аналар арасындағы қарым-қатынас мәселелеріне қатысты.


«Bala Qorgau» сайты оқушылар әрдайым қажетті қолдау мен көмек сұрап, өздерін қауіпсіз сезінулері үшін жасалған. Әртүрлі жағдайларға тап болған балалар көбінесе өзін қалай ұстау және кімнен көмек сұрау керегін білмейді. Олар өздеріне немесе құрдастарына қатысты буллинг фактілерін кімге хабарлау керегін білмейді. Енді оқушылар QR-кодты сканерлеп, бізбен байланыса алады, сөйтіп оларға қажетті консультация, психологиялық көмек көрсетіледі. Веб-сайт оқушыларды толғандыратын өзекті мәселелерді, сондай-ақ балалар құқықтарын бұзу фактілерін тез арада анықтауға көмектеседі. Бұл ресурс оқушылардың және олардың ата-аналарының құқықтық сауаттылығын арттыруға септігін тигізеді.


Сайтта оқушылар мен ата-аналар белгілі бір жағдайға тап болғанда өзін қалай ұстау керегі туралы кеңестер таба алады. Мысалы, жаңа достар табуға, жаман ортаға тап болмауға және т.б. туралы ақпарат бар. Балалар сұрақты ашық та, жасырын да қоя алады. Ол үшін веб-сайтта өтініш қалдыру керек, кейін кеңесшілер кері байланыс жасап, балалар мен ата-аналарды мазалайтын сұрақтарға жауап береді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#балалар #қорғау #сканер #сайт
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

"Тас лақтырып, тиіскен": Алматыдағы саябақта жасөспірімдер тұрғындарға шабуыл жасады

Бүгін 10:04

Шымкентте өз қызын 11 жасынан бастап зорлаған ер адам сотталды

Бүгін 09:52

Алматыда қалдықтарды шығаруға бақылау күшейтіліп, бірыңғай мониторинг жүйесі енгізіледі

Бүгін 09:42

ЖОО мен ғылым саласында жаңа Конституция құндылықтарын енгізу жұмысы күшейді

Бүгін 09:39

Павлодарда үш адамның өліміне себеп болған жүргізуші 5 жылға сотталды

Бүгін 09:33
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика