AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлем / Бакуде қазақтың киіз үйі тігілді

Бакуде қазақтың киіз үйі тігілді

Әлем 01.08.2022, 15:00 1,314
Бакуде қазақтың киіз үйі тігілді
Сурет: Inform.kz

Баку қаласының Приморье бульварында Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың орнатылғанына 30 жыл толуын мерекелеу аясында қазақтың киіз үйі тігілді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап.


Белгілі болғандай, 2022 жылғы тамыздың 6-31 аралығында киіз үйде «Welcome to KZ» ақпараттық-туристік орталығы ашылып, онда екі көрме өткізу жоспарлануда.


Оның бірі – тұрақты көрмеде Қазақстанның жарқын жерлері туралы стендтер, Шымбұлақ тау шаңғысы курорты (Алматы), Байқоңыр ғарышайлағы, «Қыран» сұңқар орталығы (тірі сұңқармен және виртуалды шындық әлеміндегі сұңқармен аң аулау), «Esentai Mall» сауда ойын-сауық орталығы (Алматы қ.), «Air Astana» туристік бағыттары ұсынылса, апта сайынғы өзгерістер болатын көрмеде Алматы және Шымкент қалалары, Алматы, Түркістан және Маңғыстау облыстары өздерінің туристік әлеуетін көрсетіп, мәдени, концерттік және ойын-сауық бағдарламаларын өткізеді.


Көрмеге келушілер қазақтың салт-дәстүрімен танысып, бейнероликтер тамашалап, әуен тыңдап, Ұлы Дала елінің ұлттық тағамдарынан дәм татып, ежелгі көшпенділер әлеміне еніп, кәдесыйлар алуға мүмкіндік алады.


Іс-шаралар Қазақстан елшілігі, «Discover Almaty» туристік компаниясы, «Эйр Астана» әуе компаниясы және Қазақстанның Әзербайжандағы Сауда үйінің қолдауымен өткізілуде.




Телеграм арнаға жазылыңыз
#Баку #Әзербайжан #Приморье
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы инклюзивті орта құруға бет бұрды

Бүгін 18:30

Қалаға тарту болған вальс: түлектер Алмалы ауданын 90 жылдығымен құттықтады

Бүгін 18:28

Алматы мешіттерінде Құрбан айт мерекесіне дайындық жұмыстары жүргізілуде

Бүгін 17:32

Алматыда 600-ден астам көпбалалы әйел бизнес ашу үшін оқудан өтті

Бүгін 17:09

Алматыдағы әлеуметтік кәсіпкерлердің 74%-ы әйелдер

Бүгін 17:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);