Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / Бакуде Қазақстанның мәдениет күндері басталды

Бакуде Қазақстанның мәдениет күндері басталды

Мәдениет 03.12.2023, 09:14 1,061
Бакуде Қазақстанның мәдениет күндері басталды
Сурет: Gov.kz

2-5 желтоқсан аралығында Әзербайжан Республикасында Қазақстан Республикасының Мәдениет күндері өтуде.


Бұған дейін Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевтің Қазақстанға ресми сапары барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет саласындағы өзара іс-қимыл және қазақ-әзербайжан қарым-қатынастарын нығайтуда ерекше рөл атқаратынын атап өткен болатын. Сондай-ақ, іссапар барысында  екі елдің мәдениет күндерін өткізу туралы келісімге қол қойылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Баку қаласында басталған іс-шаралар халықтарды жақындастырып, олардың терең тарихы мен бай мәдениетін паш етеді.


Мәдениет күндері аясында бүгін «HasSak» фольклорлы-этнографиялық ансамблінің жеке концерті өтті. Шығармашылық ұжым соңғы 10 жыл ішінде қазақтың дәстүрлі музыкасының қайталанбас жанрларын заман ағымына сай жаңғыртып, ұлттық аспаптарда орындау арқылы дәстүрлі өнерді дәріптеп келеді.


Сондай-ақ, Баку қаласының тұрғындары мен қонақтары Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының «Қарагөз» қойылымын тамашалай алады.


Негізгі іс-шаралар 4 желтоқсанға жоспарланып отыр. Бұл күні ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның қатысуымен Қазақстанның бейнелеу өнері көрмесінің ашылу салтанаты өтеді. Көрмеде әртүрлі жанрлар мен стильдерде жұмыс істейтін қазақстандық суретшілердің 46 бірегей туындысы қойылады. Қылқалам шеберлерінің әрбір жұмысы – қазақ өнері мен мәдениетіне жаңаша көзқарасты көрсетеді.


Мәдениет күндерін Қазақстан өнер майталмандарының гала-концерті қорытындылайды. Іс-шараға Қазақстанның Еңбек Ері Роза Рымбаева, «Құрмет» орденінің иегері Зарина Алтынбаева, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері: Әлішер Каримов, Медет Чотабаев, Әйгерім Бекетаева, «IL Canto», «Violas»,  «T&Y» топтары мен «Ұлытау», «Сазген сазы» және «Салтанат» мемлекеттік би ансамблі, сондай-ақ, «Фикрет Амиров атындағы Әзербайжан мемлекеттік ән-би ансамблі» қатысады.


Айта кетейік, 2024 жылы Қазақстанда Әзербайжанның мәдениет күндерін өткізу жоспарланып отыр.


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #мәдениет күндері #Баку
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жайдарманның үздік командалары Алматыда бас қосты

Бүгін 20:41

Алматыда Зенков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Бүгін 20:35

Өмірзақ Айтбаевтың 90 жылдығына арналған ғылыми жиын өтті

Бүгін 19:18

Алматыда 3 сәуірден бастап жылу кезең-кезеңімен өшіріле бастайды

Бүгін 19:13

Алматыда Жамақаев көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Бүгін 18:43
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика