Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Бакуде әзірбайжан тіліндегі цифрлық қазақ кітапхан...

Бакуде әзірбайжан тіліндегі цифрлық қазақ кітапханасы таныстырылды

Білім және ғылым 21.06.2022, 02:25 1,533
Бакуде әзірбайжан тіліндегі цифрлық қазақ кітапханасы таныстырылды
сурет: Inform.kz

Цифрлық кітапхана


Дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 30 жыл толуына орай Қазақстан Елшілігі Фатали Ахундов атындағы Әзірбайжан ұлттық кітапханасымен бірлесіп, қазақ қаламгерлері еңбектерінің әзірбайжан тіліндегі цифрлық кітапханасының тұсаукесерін өткізді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Іс-шараға Жазушылар одағының хатшысы, Әзірбайжанның халық жазушысы Чингиз Абдуллаев, Түркі мәдениеті мен мұрасы халықаралық қорының президенті Гюнай Эфендиева, «Әзірбайжан-Қазақстан» республикалық достық қоғамының президенті Эльдар Гюнайдын, Әзірбайжанның әдеби топтары мен зиялы қауымының көрнекті өкілдері қатысты.


Екі ел арасындағы ынтымақтастықтың ұзақ жылдары ішінде әртүрлі уақытта әзербайжан тіліне аударылған қазақ ойшылдарының, жазушылар мен ақындарының бай кітап қоры жиналып, олардың шығармалары жақында елшіліктің бастамасымен цифрландырылды.


Олар - Абайдың, Жамбыл Жабаевтың, Мағжан Жұмабаевтың, Мұхтар Әуезовтің, Қалижан Бекхожиннің, Сапарғали Бегалиннің, Қадыр Мырзалиевтің, Олжас Сүлейменовтің, Роллан Сейсембаевтің, Мұхтар Шахановтың, Сәбит Досановтың, Немат Келімбетовтің, Жолтай Жұматтың, Шерхан Мұртазаның, Ғалым Мұтановтың, Берік Шахановтың, Қазыбек Шахановтың, Бақытжан Қанапияновтың және Ұлықбек Есдәулеттің шығармалары.


Цифрлық кітапханаға Жамбыл Жабаевтың 1939 жылғы «Лайла» шығармасынан бастап, қазіргі заманғы жазушылардың еңбектеріне дейінгі басылымдардың 50-ге жуық электрондық нұсқасы енді.
Цифрланған шығармалардың ішінде Фируза Агаева, Фатима Дурсунова, Аида Эйвазова, Эльхан Зала Караханлы, Акиф Ахмедлы, Ибрагим Ильяслы, Рамиз Аскеров, Эльман Гулиев, Теймур Туран, Низами Мамедов-Тагисой, Нариман Абдулрахманлы және басқа да әзірбайжан ақын мен жазушы-аудармашылардың тәржімелері бар.


Өз сөзінде Қазақстан Елшісі Сержан Әбдікәрімов осындай жобаларды іске асыру арқылы нығая беретін бауырлас екі ел мен халықтардың тарихи тығыз мәдени-гуманитарлық, әдеби және адами байланыстарын атап өтті.


Ақпараттық кеңістікте ашық цифрлық кітапхананы құру оны шынымен халықтық, барлығына қолжетімді етеді.
Осы электронды ресурс екі түркі халықтарының бүгінгі және болашақ ұрпақтарының мәдени өзара байытылуы мен рухани жақындасуын күшейтетініне сенім білдірді.


Өз кезегінде, кітапхана директоры Керим Тахиров қазақ жазушыларының еңбектерін цифрлық форматқа көшіру және оларды болашақ ұрпаққа тапсыру арқылы сақтаудың маңыздылығын атап өтті. Ол цифрландыру мен жоғары технологиялар ғасырында электронды кітапханалар ашық қолжетімділікке, уақыт пен қаражатты үнемдеуге байланысты оқырмандар арасында үлкен танымалдылыққа ие екенін атап өтті.



«Аймақтардағы оқырмандар алыс болғандықтан Баку қаласының кітапханаларына кіре алмайды. Электрондық кітаптар - білім беру мен бос уақытты өткізу процесінде ыңғайлы ғана емес, сонымен қатар өз пікірлеріңізді интернетте бөлісу мүмкіндігі», – деп атап өтті ол.



Таныстырылымға қатысушылар Қазақстанмен көпжылдық ынтымақтастық туралы айтып, өзара түсіністік пен достықты нығайтуға, қазақ әдебиетін Әзербайжанда танымал етуге және екі бауырлас халықтың бірлігіне бағытталған осы гуманитарлық-білім беру жобасының маңызы мен жаңашылдығын атап өтті.


Қазақстанның Бакудағы Елшілігі сайтының «Пайдалы материалдар» бөлімінде әзербайжан тілінде «Электрондық кітапхана» атты тақырыптық блок бар. Жақын арада ол М.Ф.Ахундов атындағы Әзірбайжан ұлттық кітапханасының сайтында да қолжетімді болады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Әзербайжан #Цифрлы кітапхана
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Ұзақ күткен матч: Алматыда “Қайрат” пен “Астана” кездесіп жатыр

Бүгін 20:15

Қазақстанда базар азайып барады

Бүгін 17:26

Сағындық Тоғамбай Азия чемпионатының жартылай финалына шықты

Бүгін 16:55

Тегеран АҚШ-тың мәлімдемесіне жауап қатты

Бүгін 15:27

Гимнаст Ақмарал Ерекешева Франциядағы Гран-при турнирінде қола медаль жеңіп алды

Бүгін 12:33
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика