AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлем / Бакуда қазақ өнерінің көрмесі ашылды

Бакуда қазақ өнерінің көрмесі ашылды

Әлем Бүгін 09:52 36 yakiya
Бакуда қазақ өнерінің көрмесі ашылды

Әзербайжан ұлттық өнер музейінде «Мәдениеттер диалогы: Қазақстан – Әзербайжан» атты көрменің салтанатты ашылуы өтті, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Экспозиция Әзербайжанның Мәдениет министрлігі мен Қазақстанның Мәдениет және ақпарат министрлігінің бірлескен ұйымдастыруымен өткізілді және Қазақстан Республикасы Әбілхан Қастеев атындағы Ұлттық өнер музейінің қорынан жасақталды. Көрмеге қазақстандық суретшілердің әр буынының шығармашылығын танытатын 30 туынды енді.

Көрме академиялық дәстүрлер мен көшпелі мәдениетке тән өзіндік дүниетаным тоғысынан қалыптасқан қазақстандық көркемсурет мектебінің даму ерекшеліктерін паш етеді.

Ұсынылған авторлардың қатарында ұлттық сурет өнерінің негізін қалаған көрнекті шеберлер – Әбілхан Қастеев, Молдахмет Кенбаев және Қанафия Телжанов бар. Сонымен қатар, экспозицияда Айша Ғалымбаева, Сабыр Мәмбеев, Шаймардан Сариев және Салихитдин Айтбаевтың дәстүрлі тұрмыс, рухани құндылықтар мен ұлттық бірегейлік тақырыптарын ашатын туындылары қойылған.

Қазақстанның Әзербайжандағы Елшісі Әлім Байел Қастеев атындағы Ұлттық музейдің қазақ өнерінің басты қазынасы екенін атап өтті.

«Екі ел арасындағы ынтымақтастықтың арқасында музей коллекциясынан таңдап алынған картиналардың Бакуда төрт ай бойы көрмеге қойылатынына қуаныштымыз. Бұл көрме Әзербайжан астанасының мәдени өміріндегі маңызды оқиғаға айналып, бауырлас халықтарды одан әрі жақындастыра түседі, тарихымыз бен мәдениетіміздегі ортақ түркілік тамырларды айшықтайды», – деді дипломат.



Әзербайжан Мәдениет министрінің орынбасары Саадат Юсифова одақтастық қатынастар аясындағы екі бауырлас елдің мәдени-гуманитарлық ынтымақтастығының маңызын атап өтті.

Қазақстандық музей директоры Гүлайым Жұмабекованың айтуынша, көрме ортақ құндылықтарға негізделген диалог алаңы ретінде құрылған.

«Ұсынылған туындылар көркем ойлаудың үндестігін, образдар мен визуалды кодтардың бірлігін көрсетіп, халықтарымыздың ортақ мәдени кеңістігін қалыптастырады», – деді ол.



Көрмеде көшпелі халықтар мәдениетіне тән табиғат пен кеңістікті көркем тұрғыда бейнелеуге ерекше назар аударылған. Пейзаж, натюрморт және тақырыптық картина жанрлары арқылы авторлар адам мен қоршаған әлем арасындағы үйлесімді, сондай-ақ уақыт пен тарихты философиялық тұрғыда қабылдауды жеткізеді.

Іс-шара аясында әйгілі суретші, Мемлекеттік сыйлық лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, қазақтың тұңғыш гобеленші әйел суретшісі Бәтима Зәуірбекованың танымал әзербайжан суретшілерімен шығармашылық кездесуі өтті.

Көрменің ашылуына танымал әзербайжандық суретшілер мен өнертанушылар, ғылыми және шығармашылық зиялы қауым өкілдері, шет мемлекеттердің елшілері, Баку тұрғындары мен қонақтары қатысты.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Көрме
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Цифрлық теңге: жаңа ақшаны экономикаға қайтіп кіріктірмек

Бүгін 10:36

Қызылорда облысының жаңа әкімі кім болды?

Бүгін 10:21

Алматыда сейсмикалық қауіпсіздікті арттыру бағытындағы БҰҰДБ-мен ынтымақтастық мәселелері қаралды

Бүгін 10:01

Almaty Gallery «Бейнеленген дүние» атты көрме ұсынды

Бүгін 09:34

Жұма күнгі ауа райы мәліметі

Бүгін 08:30
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);