Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / «Бәйтерек» холдингіне жаңа басшы тағайындалды

«Бәйтерек» холдингіне жаңа басшы тағайындалды

Саясат 06.10.2023, 04:46 1,312
«Бәйтерек» холдингіне жаңа басшы тағайындалды
Сурет: Primeminister.kz

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингінің ұжымына жаңа басшы Нұрлан Байбазаровты таныстырды.


Нұрлан Байбазаров мемлекеттік қызметте де, квазимемлекеттік секторда да жауапты қызметтер атқарды. Атап айтқанда, қаржы және ұлттық экономика министрліктерінде, «Қазақстан темір жолы» және «ҚазМұнайГаз» ұлттық компанияларында, Өнеркәсіпті дамыту қорында жұмыс істеді. Былтырғы қарашадан бастап ол Қазақстан даму банкінде басқарма төрағасы болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.


Әлихан Смайылов Мемлекет басшысы халыққа Жолдауында «Бәйтерек» холдингінің қызметін трансформациялау және ауқымды цифрландыру бойынша міндет қойғанын еске салды.



«Нәтижесінде бюрократиялық кедергілер жойылып, өтінімдерді қарау мерзімі қысқарып, бизнес қауымдастығының қолдау шаралары туралы хабардар болу деңгейі артуы қажет. Жаңа басшы алдағы жоспарлардың орындалуын қамтамасыз етуі тиіс», — деді Премьер-Министр.



Сонымен қатар ол «Бәйтерек» бәсекеге қабілетті бизнесті дамыту, халықты қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету және республиканың азық-түлік қауіпсіздігін нығайту бойынша жұмыстарды күшейтуі қажет деп атап өтті. 


Қорытындылай келе, Премьер-Министр холдинг ұжымына жүктелген барлық міндеттерді шешуде табысты жұмыс тіледі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Бйәтерек холдингі #Жаңа басшы #тағайындау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Астрофизик: Айға қайта оралу – ғылым үшін жаңа кезең 

Бүгін 12:01

Астрономияны білсеңіз, астрологияға сенбейсіз – астрофизик пікірі

Бүгін 11:56

Қазақстанда ғалым қанша табыс табады?

Бүгін 11:52

2025 жылғы Қазақстанның басты ғылыми жетістігі аталды

Бүгін 11:44

Адамды адам етіп қалыптастыру: Астанада өткен Nobel Fest x Teachers’ Summit форумында не айтылды?

Бүгін 11:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика