Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Бағаны тұрақтандыру жұмысы 2026 жылы да жалғасады

Бағаны тұрақтандыру жұмысы 2026 жылы да жалғасады

Әлеумет 13.01.2026, 15:08 483
Бағаны тұрақтандыру жұмысы 2026 жылы да жалғасады
almaty-akshamy.kz

ҚР Премьер-Министрінің тапсырмасына сәйкес, Алматыда бейінді басқармалар, сауда департаменті мен аудан әкімдіктерінің өкілдерінен тұратын арнаулы бақылау топтары құрылды.

Бақылау жағы ірі сауда нысандарын, базарлар мен үйге іргелес тұрған дүкендерді қамтыған. Қазір қалада 51 базар, 200-ден астам супермаркет пен шамамен 4,5 мың осындай шағын сауда нүктесі жұмыс істейді. Жыл басынан бастап әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің тізімі 19-дан 31 атауға дейін кеңейтілді.

Бұған қосымша көкөніс пен жеміс (қызанақ, қияр, алма), еттің түрлері, сүт өнімдері, шай, сондай-ақ балықтың бес түрі енгізілді. Жаңа өнімдердің барлығы бақылауға алынып, осыған байланысты жеткізушілермен және сауда желілерімен жүйелі жұмыс жүргізіліп жатыр. 2026 жылғы 5 қаңтардан бастап ҚҚС мөлшерлемесі 12%-дан 16%-ға көтерілгенімен, Алматыда ӘМАТ бағасының күрт өсуі тіркелген жоқ.

Сауда желілері негізінен тез өтетін тауарлар жағын уақытылы қайта бағалап жатыр, әлеуметтік маңызы бар өнімдердің бағасы бірқалыпты. Қала әкімдігінде көктемгі кезеңде оңтүстік өңірлерден, сондай-ақ көршілес Өзбекстан, Қырғызстан мен Тәжікстаннан қосымша ерте пісетін көкөніс әкелуді де жоспарлап отырғандарын атап өтті.

Бұл баға теңгерімін сақтап, нарықты жеткілікті мөлшерде өніммен қамтамасыз етуге мүмкіндік бермек. Қала билігі әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің бағасын бақылап отырғанын, оларды тұрақтандыру жұмысы жалғасын беретінін мәлімдейді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#баға
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда ірі аяқталмаған құрылыс нысаны сот шешімімен сүріліп жатыр

Бүгін 18:01

Америкалық авто-саяхатшы әрі блогер Connor Қазақстанға тәнті болды

Бүгін 17:29

Алматыда Сәтбаев көшесінде жүргіншілерге арналған проекциялық жарықтандыру орнатылды

Бүгін 17:13

Қазақстандық құзға өрмелеушілер Азия чемпионатында өнер көрсетті

Бүгін 17:01

Алматыда жүргізушілер көліктерінің шығарындысын тегін тексеруден өткізді

Бүгін 16:47
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика