Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
Референдум 00 күн 00 : 00 : 00
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Референдум 00 күн 00 сағ 00 мин 00 сек
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Тәуелсіздік-30 / Б. Сағынтаев жұмысшы жастар өкілдеріне пәтер кілтт...

Б. Сағынтаев жұмысшы жастар өкілдеріне пәтер кілттерін тапсырды

Тәуелсіздік-30 22.12.2021, 11:11 2,392
Б. Сағынтаев жұмысшы жастар өкілдеріне пәтер кілттерін тапсырды
Almaty-akshamy.kz

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Жаңа жыл қарсаңында Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев «Нұрлы Жер» бағдарламасы бойынша салынған жалға берілетін тұрғын үйдің иелерінің жаңа қоныстанушыларын құттықтады


Бүгін «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында 29 жасқа дейінгі жұмыс істейтін жастарға 5 жыл мерзімге 1050 жалдамалы пәтер беріледі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Тағы 441 пәтер «Бақытты отбасы» және «Шаңырақ» бағдарламалары бойынша көп балалы, толық емес және мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар арасында жеңілдікпен кредит беру шартымен бөлінген. Пәтерлер Наурызбай ауданындағы «Алма Сити 5» ТК және Алатау ауданындағы «Мәдениет» ТК-де «Нұрлы Жер» бағдарламасы бойынша салынған үйлерде орналасқан.


Алматы әкімі Б. Сағынтаев жұмыс істейтін жастарды қолдау 2019 жылдан бастап «Нұрлы Жер» жалға берілетін тұрғын үй бағдарламасының Тұңғыш Президент - Елбасы Н. Назарбаевтың тапсырмасы бойынша жүзеге асырылып жатқанын атап өтті.




«Қаланың дамуына өз үлесін қосатын жастарды қолдау – біздің басты міндетіміз. Мемлекеттік және қалалық бағдарламалардың арқасында мыңдаған қала тұрғындары қолжетімді баспанаға ие болады», - деп атап өтті Б. Сағынтаев жаңа қоныс иелерін ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен және келе жатқан Жаңа жылмен құттықтады.



Сонымен қатар, «Алматы жастары» қалалық бағдарламасы бойынша екінші жыл қатарынан тұрғын үй сатып алу үшін мыңдаған жеңілдікті қарыздар бөлінуде. Пайыздық мөлшерлеме – 5%, несие мерзімі – 25 жыл. Биыл қарыз сомасы 18 млн теңгеге дейін өсті.


Еске салсақ, Тәуелсіздік күні қарсаңында қаланың коммуналдық тұрғын үй қорынан кезекте тұрған халықтың әлеуметтік осал топтарына 211 пәтер бөлінді. Тұрғын үй «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында салынған Алатау ауданындағы «Мәдениет» ТК орналасқан.



Жалпы, алдын ала есептеулер бойынша, өткен жылы Алматының 5 400 тұрғыны баспаналы болады. Жыл басынан бері 3 903 адам тұрғын үймен қамтамасыз етілді. Оның ішінде, «Бақытты отбасы» республикалық бағдарламасы бойынша (2-10-20) 441 несиелік қарыз, «Шаңырақ» республикалық бағдарламасы бойынша (5-10-20) 2 146 несиелік қарыз берілді. «Алматы жастары» қалалық жеңілдікпен несиелендіру бағдарламасы бойынша бүгінде 973 несие берілді. Коммуналдық тұрғын үй қорынан 343 пәтер бөлінді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#жұмысшы #жастар #пәтер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жазушы Зейнеп Ахметова Алматының Медеу ауданында референдумға қатысты

Бүгін 14:31

Белгілі қаламгер Сәуле Досжан референдумға қатысты

Бүгін 14:29

«Өлеңдегі сөз мағынаны, ал әрбір дауыс елдің болашағын қалыптастырады» - ақын Ғалым Қалибекұлы

Бүгін 14:29

Алматы Қоғамдық кеңесінің мүшесі Богдан Джепка ерекше қажеттілігі бар адамдар үшін учаскелердің қолжетімділігін тексерді

Бүгін 13:25

Threads киімін киген алматылық: «шын өзгерісті қалаған адам осылай дауыс беріп, саяси науқанға араласады»

Бүгін 13:24
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика