AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Экономика / Б. Сағынтаев: Алматыда жолдардың 80%-ы жақсы және...

Б. Сағынтаев: Алматыда жолдардың 80%-ы жақсы және қанағаттанарлық жағдайда

Экономика 30.06.2021, 17:10 1,672
Б. Сағынтаев: Алматыда жолдардың 80%-ы жақсы және қанағаттанарлық жағдайда
7news.kz

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев «Алматы» телеарнасындағы онлайн-таныстырылым барысында мегаполистегі жол инфрақұрылымын дамыту, жаңа жолдарды жөндеу және салу туралы айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



Қаланың аумағы тарихи жағынан Алматы облысының іргелес аудандарының есебінен ұлғайды. Қазіргі таңда, 2021 жылғы мәліметке сәйкес, қаладағы жолдардың жалпы ұзындығы - 3097 шақырым. Алматы жолдарының үлесі республиканың барлық қала ішіндегі жолдарының бестен бір бөлігін (17,3%) құрайды.


Күн сайын қалада 700 мыңнан астам көлік жүруде, 1 миллионнан астам адам қатынайды. Магистральды көшелердің ұзындығы 531 км немесе 17%, аудандық маңызы бар көшелер – 594 км немесе 19%, жергілікті көшелер -1972 км немесе 64%-ды құрайды.



Бүгінде жергілікті маңыздағы 298,5 км көше бар, негізінен қалаға қосылған шағын аудандарда әрі оларға асфальтты бетон төселмеген. Жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесі 80%-дан (2477 км) асады.



2020 жылы ұзындығы 219 км болатын 324 көшеге орташа жөндеу жүргізілді, 86,6 км тротуарлар және 40-тан астам аялдамалар мен қалталар жөнделіп, абаттандырылды.


Vision Zero тұжырымдамасын іске асыру мақсатында Молдағалиев, Маметова және Айтиев көшелерінің бойында 14 трапеция тәрізді жасанды кедергілер мен 102 қауіпсіз құрылғылар жасалды.



74 мың адам тұратын 8 шағын ауданда 42,8  км жаңа жол салынды. Олар – Дархан-Байбесік, Алғабас-АЗТМ, Ұлжан-1, Ұлжан-2, Әйгерім-1, Әйгерім-2, Трудовик, Шаңырақ-2 шағын аудандары.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#коронавирус #ЕАЭС #приложение #Алматы #Сағынтаев #жол инфрақұрылымы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Астана ірі мәдени және мультимедиялық жобалар өтетін маңызды халықаралық алаңға айналып келеді» – көрме комиссары Ольга Риго

Бүгін 22:56

Аңыздар “тірілген” түн

Бүгін 21:36

Сөз зергеріне құрмет: Олжас Сүлейменовтің 90 жылдық мерейтойы аталып өтті

Бүгін 21:33

Олжас Бектенов Президенттің тапсырмасы бойынша Бакуде өткен World Urban Forum сессиясына қатысты

Бүгін 20:21

Алматылық спортшылар Орталық Азия чемпионатында 12 медаль жеңіп алды

Бүгін 20:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);