AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Қазақфильмдегі жәрмеңке жаңарып, қайта ашылды

Қазақфильмдегі жәрмеңке жаңарып, қайта ашылды

Алматы Бүгін 16:28 36
Қазақфильмдегі жәрмеңке жаңарып, қайта ашылды

Шаһардағы Қазақфильм шағынауданындағы жәрмеңке – жергілікті тұрғындар жақсы білетін, жылдар бойы қалыптасқан сауда орындарының бірі, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Алматы қаласының күні қарсаңында мұнда жаңғыртылған демалыс күнгі жәрмеңке қайта ашылып, қала тұрғындарына есігін айқара ашты. Енді мұнда фермерлер өнімін тікелей ұсынып, ал алматылықтар азық-түлікті өндірушіден сатып ала алады.

Бұған дейін бұл аумақта ұзақ жылдар бойы палаткалық үлгідегі коммуналдық жәрмеңке жұмыс істеген. Уақыт өте келе нысан ескіріп, заманауи талаптарға сай келмей қалған. Осыған байланысты биыл көктемде жәрмеңкені жаңғырту жұмыстары басталып, шамамен бес ай ішінде толық аяқталды.

«Алматы» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Әнуар Ғабдуллиннің айтуынша, жоба жүзеге асырылған кезде жәрмеңкенің әлеуметтік бағытын сақтау басты назарда болған.

– Біз осы коммуналдық жәрмеңке құрылысы жобасын жүзеге асырған оператор болдық. Бұған дейін бұл жерде көп жыл бойы палаткалық жәрмеңке жұмыс істеді. Алайда уақыт өте келе ескіріп, заманауи талаптарға сай келмей қалды. Сондықтан көктемде жаңғырту жұмыстарын бастадық. Жобаға шамамен бес ай уақыт жұмсалды. Қазір нысан толық жаңартылып, аумағы абаттандырылып, көгалдандырылды, – деді ол.

Жаңартылған нысанның жалпы аумағы – 49 сотық. Мұнда 112 сауда орны қарастырылған. Оның 100-і ашық павильонда, 7-еуі жабық павильонда орналасса, тағы 5 сауда орны фудкорт аймағына бөлінген.

Жәрмеңке заманауи форматта жабдықталып, сатып алушыларға да, фермерлер мен отандық тауар өндірушілерге де қолайлы жағдай жасалды. Ашық алаңда демалыс күндері ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылса, жабық павильонда отандық өндірушілер өз өнімдерін тұрақты түрде саудалайды.

Нысан аумағында абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, көгалдандыру қолға алынған. Кешкі уақытта жәрмеңке аумағын ерекше жарықтандыруға мүмкіндік беретін жүйе орнатылды. Сондай-ақ мұнда LED-дисплей іске қосылып, онда тауарлардың бағасы, әлеуметтік және мемлекеттік маңызы бар ақпараттар көрсетіледі.

– Жәрмеңке 15 жылдан астам уақыт бойы жұмыс істеп келеді. Бұл – тұрғындардың жадында қалған, тарихы қалыптасқан орын. Сондықтан көпшілік оның қайта жаңғыртылып, ашылуын асыға күтті. Тұрғындардан да нысанның тезірек жұмысын бастау туралы бірнеше рет өтініш түсті. Қазір барлық құрылыс жұмысы аяқталды. Жәрмеңке тұрақты жұмыс істейді және қыс мезгілінде де қызметін жалғастырады, – деді Әнуар Ғабдуллин.

Жаңғырту жұмыстары жеке инвестициялар есебінен жүргізілді. Бұл ретте бұған дейін жәрмеңкеде жұмыс істеген кәсіпкерлердің сауда орындары да сақталды. Нысанның жұмысын ұйымдастыру және ұсынылатын тауар бағаларының сақталуын бақылау «Алматы» ӘКК тарапынан жүзеге асырылады.

Демалыс күнгі жәрмеңкелер қала тұрғындарын сапалы азық-түлікпен қолжетімді бағамен қамтамасыз етудің маңызды тетіктерінің бірі саналады. Мұнда фермерлер мен ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері өнімдерін делдалсыз тікелей тұтынушыға ұсынады.

Жыл басынан бері Алматыда 300-ге жуық демалыс күнгі жәрмеңке өткізілді. Онда Алматы қаласы мен Алматы облысының фермерлік және жеке шаруашылықтары өндірген мыңнан астам өнім түрі ұсынылды. Сауда сөрелерінен ет, жұмыртқа, көкөніс пен жеміс-жидек, қышқыл сүт өнімдері, шұжық, бал және басқа да азық-түлік тауарларын табуға болады.

Апта сайын мұндай жәрмеңкелерге шамамен 50 мың алматылық келеді. Бұл – фермерлік өнімге деген сұраныстың жоғары екенін көрсетеді.

Қазақфильмдегі жаңарған жәрмеңкеде де сауда қызу жүрді. Бір жерде сүт пен қаймақ, екінші сөрелерде ет пен құрт, енді бірінде бақша өнімдері сатылып жатты. Өнімін ұсынған кәсіпкерлердің дені – өз шаруашылығынан тікелей келген өндірушілер.

«Бекзат» жеке шаруа қожалығының кәсіпкері Айткүл Қапезова мал шаруашылығымен 55 жылдан бері айналысады. Бүгінде 75 жастағы кәсіпкер кәсібін әлі де жалғастырып келеді.

– Мал шаруашылығы қожалығында жүргеніме 55 жыл болды. Сүт, ет, қаймақ, құрт сатамыз. Осындай жәрмеңкенің ұйымдастырылып, қайта ашылғанына қуаныштымыз. Халық та дән риза, – деді ол.

Ал Іле ауданынан келген кәсіпкер Гүлия Құралбаева ауыл шаруашылығының бірнеше бағытын қатар алып жүр.

– Жәрмеңкенің ашылғанына қуаныштымыз. Өз өнімімізді халыққа ұсынып жатырмыз. Шаруашылығымызда картоп, қызанақ, қияр, қарбыз өсіреміз. Сонымен қатар мал және жеміс-жидек шаруашылығымен айналысамыз. Адамдар сапалы өнім тұтынуы үшін кейбір жеміс-жидекті Ташкенттен әкелеміз. Сапалы әрі тартымды өнім әрқашан сұраныста. Осы салада жүргеніме 20 жылдай болды, – деді кәсіпкер.

Қазақфильм шағынауданының тұрғыны Анар Ибраимова жәрмеңкенің ашылуын тұрғындар көптен күткенін айтты.

– Біз таулы аймақта тұрамыз. Сондықтан дүкен де, сауда орталықтары да тапшы. Жәрмеңкенің ұйымдастырылғанына ризамыз. Сүт өнімдерін алу үшін кезекте бір сағаттан артық тұрмыз. Бұл жерге халықтың көп келгенін және өнімге сұраныстың жоғары екенін көрсетеді, – деді тұрғын.

Жаңарған жәрмеңке осылайша бұрынғы дәстүрін сақтай отырып, жаңа сипатқа ие болды. Енді мұнда қала тұрғындары фермерлік өнімді тікелей өндірушіден сатып ала алады. Ал шаруалар үшін өнімін тұтынушыға делдалсыз жеткізетін тұрақты сауда алаңы қалыптасты.

Алматы күні қарсаңында қайта ашылған Қазақфильм жәрмеңкесі алдағы уақытта да қала тұрғындарына қызмет көрсетіп, қыс мезгілінде де жұмысын жалғастырады.

Дана САДЫРҚАН.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#жәрменке
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Үкіметте Ұлттық білім беру деректер қорын жаңғырту барысы қаралды

Бүгін 17:01

Қала күніне орай Панфилов көшесінде мерекелік экоаймақ жұмыс істеп жатыр

Бүгін 16:15

«Алматы қаласының Құрметті азаматы» атағы берілді

Бүгін 15:34

Мемлекет басшысы: Астана – Қазақстанның айнасы

Бүгін 15:25

Президент: «Таза Қазақстан» – халқымыздың саналы таңдауы

Бүгін 15:22
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);