Премьер-министр мен вице-премьерлер бастаған Үкімет Аппаратының қызметкерлері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Таза Қазақстан» бастамасы аясында EXPO кешенінің аумағында өткен экологиялық іс-шараға қатысты. Аталған ауқымды экологиялық қозғалыстың негізгі қағидаттары, Қазақстанның жаңа Конституциясында бекітілгендей, табиғатқа ұқыпты қарау көзқарасын қалыптастыруға және қоршаған ортаны қорғауға бағытталған.










